• Басты
  • ҚР Қорғаныс министрі төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуын аяқтады (ФОТО)
28 Маусым, 2016 20:27

ҚР Қорғаныс министрі төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуын аяқтады (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сәуірдің 18-і мен маусымның 28-і аралығында Сарышаған полигонында өткен «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуының нәтижелерімен танысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Қорғаныс министрі төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуын аяқтады (ФОТО)

Оқу-жаттығу үш кезеңде өткізілді. 1. «Күштер мен құралдарды толық жауынгерлік әзірлікке келтіру». 2. «Нысандарды қирату» 3. «Қиранды салдарын жою,  бұзылған жерлерді қалпына келтіру».

Аталған оқу-жаттығуды өткізудің өзектілігі Сарышаған полигонының ауданында 20 жылдан аса пайдаланылмаған және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстардың орналасуымен байланысты. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын бөлшектеуді жүргізді. Арнайы оқу-жаттығуды өткізу барысында 20 мың гектар алаңда 200-ден аса жарамсыз ғимарат пен құрылыс қопарылып, құлатылды.

«Бұл оқу-жаттығу ерекше бағытқа ие. Алғаш рет ниетке сәйкес әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде апат салдарын боршалауды жүргізді. Практикалық сабақтар жеке құрамның, әскери инженерлер мен қопару топтарының машығы мен дағдысын жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу нәтижелерін мұқият талдау қажет», - деді Иманғали Тасмағамбетов соңғы кезең барысында.

Жалпы алғанда, «Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына 200-ден аса әскери қызметші тартылды, 170 жарылыс жүргізілді. 207 нысан құлатылды және шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер мен экскаваторлар қатыстырылды. Соңғы кезеңге қиранды салдарын жоюдың жалпы көлемі шамамен 170 мың текше метрді құрады. Бұл көлемге құрылыс қоқысын тиеу және шығару, сондай-ақ құрылыс қоқысының алмастырылуы кірді.

Екі жарым ай ішінде әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу мен боршалауды, сондай-ақ  аумақты тазартып, соңғы кәдеге жаратуды жүргізгенін  айта кеткен жөн.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды