Алматыда алтыншы мәрте «Медиа құрылтай» өтіп жатыр

27 Қараша, 2013 11:10
Алматыда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары нарығының дамуына арналған жыл сайынғы «Медиа құрылтай» конференциясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Конференцияның биылғы тақырыбы «Трансформация: контент, технология, монетизация». Медианарықтың 250 мүшесі конференция барысында БАҚ-тағы технологияның дамуы, аудитория талғамының өзгеруі, жарнама бюджетін бөлісу және басқа да жайларды талқылауды көздеп отыр. Басқосу пікірталас, таныстырылым және шеберлік сыныптары секілді үш алаңда өтеді», - делінген хабарламада.

Құрылтайға қатысушыларға арналған шеберлік сыныптарында Еуропа, Америка және Азия журнлаистерінің қолынан шыққан мультимедиалық жобалар таныстырылады, краудфандинг жайы да айтылады, сонымен бірге қазіргі телевиденияны ілгерлету тақырыбы да сөз болады.

Қүрылтайды ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, шараны өткізу үшін биыл жаңа форматтар қолға алынған ол конференция тақырыбын кеңірек қарастыруға әріп БАҚ жұмысының тиімділігін арттыруға арналған нақты құралдарға тереңірек тоқталуға мүмкінлдік береді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар