• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дүйсенова: Қазақстанда жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қолдауға 167 мың адам ие болды

Т.Дүйсенова: Қазақстанда жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қолдауға 167 мың адам ие болды

28 Маусым, 2016 12:39
Бүгінде шағын несиелерді 2 мың адам алды, қосымша 2,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қолдауға 167 мың адам ие болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты.

«Оның ішінде 30 млрд теңгесі кесте бойынша, өңірлерге 27,7 млрд теңгесі бағытталды. Бүгінде шағын несиені   2 мың адам алды, қосымша 2,5 мың жұмыс орны ашылды.  Осы бағыт бойынша қалыс ШҚО, Қарағанды облысында байқалды, кейбір өңірлерде 70% несие берілген көрсеткіш бар», - деді министр.

Жалпы, ведомство басшысы айтып өткендей,  жұмыспен  қамту бойынша мемлекеттік қолдауға 167 мың адам ие болды.

«Бұл шаралардың барлығы еңбек нарығына аса әсер беруде. ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталды», - деді министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар