- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте авиация саласында қызмет көрсету сапасын арттыруды қарастыратын заң жобасы таныстырылды
Мәжілісте авиация саласында қызмет көрсету сапасын арттыруды қарастыратын заң жобасы таныстырылды
«Қазіргі заманға сай авиациялық индустрия жағдайында ерекше орынды шағын авиация саласы алады, яғни, 5 тонна 700 кг және одан төмен болатын әуе кемелері сертификатталды. Оның дамуына жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызметтерді қоғамдық бірлестіктерге беру ұсынылады. Сонымен қатар, осындай мамандықтар мен соттарға деген талаптарды азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган бекітіп отыратын болады, ал барлық үдеріс авиациялық әкімгшілік тарапынан әрдайым бақылауға алынатын болады»,-деді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.
Оның айтуы бойынша, осындай түрді авиацияны танымал қылдыру үшін аэронавигациялық алымдардың терімінен бостау көзделеді.
«Ұшқышсыз әуе кемесінің құқықтық реттеу қажеттілігі азаматтық және мемлекеттік авиация саласында уәкілетті органдармен тіркелгеннен кейін енгізу жоспарлануда»,-деді ол.
«Заң жобасы рейстердің қауiпсiздiк деңгейiн арттыру, авиацияның жаңа түрлерiне мемлекеттiк реттеудi енгiзудi және 7 заң актiсi, 3 кодекс пен 4 заңға 286 түзету енгiзудi қамтиды. Өзгерiстер техникалық, нақтылау сипатқа ие, сондықтан керi әлеуметтiк зардаптарға әкелмейдi. Өзгерiстер халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекске авиация қызметкерлерiнiң денсаулығына қатысты енгiзiлмек. Сондай-ақ, авиаперсоналдың денсаулығына қатысты жалған ақпарат берген медициналық сарапшыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылмақ. Жалған ақпарат бергенi үшiн 100 айлық есептiк көрсеткiш, қайталанған жағдайда 200 айлық есептiк көрсеткiш айыппұл салынбақ», - дейдi А.Рау.+
Сондай-ақ, вице-министрдiң айтуынша, Қазақстан әуе тасымалдаушыларының шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiн жалдау мәселесiнiң маңызы зор. Заң жобасының негiзiне Канада тәжiрибесi алынған. Яғни, бұл жағдайда жалдау уақыты жылына 2 айдан аспайды және жалға алынған әуе кемелерiнiң саны авиакомпанияның бүкiл авиация паркiнiң 20 пайызынан аспайды. Осылайша, Қазақстан үлесi артады, бiлiктi мамандардың кепiлдендiрiлген жұмыс орындары сақталады, салық түсiмдерi де қалады, туристiк авитасымалдаушыларға бақылау орнатылады.
Анар Тәңірқұлова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері