- Басты
- Жаңалықтар
- ДСӘДМ: 2016 жылы 12 мың жұмыс орынын құратын 9 мыңнан астам адамға шағын несие беріледі
ДСӘДМ: 2016 жылы 12 мың жұмыс орынын құратын 9 мыңнан астам адамға шағын несие беріледі
Министрдің ақпаратынша, шағын несиелеу биыл үш жоба бойынша жүргізілмек. Бірінші жоба – АШМ тұжырымдамасы бойынша.
«Ауыл шаруашылық кооперативтері құрылады. Жұмыспен қамту жол картасына қатысушылар құрылған кооперативке өздерінің несие немесе туар үлестері арқылы шаруа қожалығы формасында міндетті тіркеуге тұрып, қосылатын болады. Осы жоба бойынша 100 млн теңге сомасындағы несиені 46 адам алды»,-деді ол.
Екінші жоба «Нұр Отан» партиясымен бірге жүзеге асырылады және «Ауылдағы жұмыспен қамту» деп аталады. Несиелеу сомасы 6 млн. теңгеге дейін өсті. Оған қатысушылар шаруа қожалығы ретінде тіркелулері керек.
«Биыл аталмыш жоба 5 аймақта жүзеге асуда. Олар: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Бүгінгі таңда 176 адам 1 млрд. теңгеден астам сомада несие алып үлгерді»,-деп атап өтті министр.
Және соңғы үшінші жоба «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында атқарылатын болады.
«Шағын несие сомасы 3 млн. теңге. Несие алушы шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкер ретінде міндетті тұлғалық тіркеуге тұрады. Бүгінгі таңда 1,6 мың адам 3,5 млрд. теңгеден астам сомада несие алды»,-деп хабарлады министр.
Осылайша, биыл 9 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда.
«Осы арқылы 12 мың жұмыс орыны құрылады, деп күтілуде»,- деп қортты сөзін министр.
Индира Қауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі