- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі аймақтардағы еңбекақы төлемі мәселесін қарауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі аймақтардағы еңбекақы төлемі мәселесін қарауды тапсырды
«Жергілікті жерлерде еңбекақы мәселесі өткір болуы мүмкін. Соған сәйкес, Үкіметтің келесі отырысында әкімдер аймақтардағы еңбекақы төлемі мәселелері жөнінде толықтай есеп берулері тиіс. Яғни, бір аптаның ішінде барлық кәсіпорындармен жұмыс істеп, нақты ақпаратты беретін болулары керек. Қай жерде не болып жатыр, қандай шаралар қолдану керектігі толық пысықталсын»,-деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі.
К.Мәсімов атап өткендей, әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты аталмыш мәселе бақылауда болуы керек.
«Ірі тау-кен металлургиялық кәсіпорындар маған бірде-бір жұмысшының қысқармайтыны туралы және бір адамның да қысқартуға ұшырамайтыны жайында және еңбекақылары барлық жерде бірдей төленетіні жөнінде уәде берді»,-деді ҚР Үкіметінің басшысы.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ДСӘДМ аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді.
«Жыл басынан бері мемлекеттік инспекторлар ел кәсіпорындарында 2,8 млрд. теңгенің ағымдағы қарызы барлығын анықтады. Дағдарысқа қарсы штабтың қолданған шарасының нәтижесінде ол қарыздың 2,4 млрд. теңгесі төленді. Бірақ, дағдарысқа қарсы аймақтық штабтардың мәліметтерінше, бүгінгі таңда еңбекақы қарызының жалпы сомасы 1,6 млрд. теңге. Оның 3 айға дейінгі қарызы 514 млн. теңгені құрап отыр. 3 айдан астам уақыт мерзімі өтіп кеткен қарыз 134 млн. теңгені құрайды. Ал, банкротқа кеткен кәсіпорындардың қарызы ең үлкені болып отыр. Ол 955 млн. теңгеге жеткен»,-деп түсіндірді министр.
Т.Дүйсенованың айтуынша, қазіргі уақытта осы бағытта Бас прокуротурамен, Қаржы министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш мәселеге қатысты толық мәлімет ҚР Үкіметінің келесі отырысында жеткізіледі.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус