• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Абаев: 2018 жылы цифрлы және эфирлік хабар таратумен Қазақстан халқын қамтуды 95% дейін жеткізу жоспарланған

Д.Абаев: 2018 жылы цифрлы және эфирлік хабар таратумен Қазақстан халқын қамтуды 95% дейін жеткізу жоспарланған

28 Маусым, 2016 11:24
2018 жылы цифрлы және эфирлік хабар таратумен Қазақстан халқын қамтуды 95% дейін жеткізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада байланыс және ақпарат қызметкерлері Күнін атап өтуге арналған салтанатты жиын барысында айтты.

«Соңғы жылдары елімізде коммуникация мен пошта байланысы салалары айтарлықтай дамыды. Дүниежүзілік экономикалық форумындағы жаһандық рейтінгте Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 7-орын иеленді. Кең жолақты интернет жүйесіне қол жетімділік бойынша 58-орын, Интернет жүйесіне мобильдік абонент арқылы қол жеткізу бойынша 40-орында. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 70 % астамы Интернет қолданушы болып табылады. Жоспарлы түрде ауылдық жерлерді мобильдік байланыспен қамту кеңейіп келеді. Халықты цифрлы және эфирлік хабар тарату 77%. Бұл көрсеткішті біз 2018 жылы 95 % жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті Д.Абаев.

Министрдің сөзінше, байланыс саласында үлкен сапалы жұмыстар жасалуда. Бұл шаруалар цифрлы Қазақстан бағытына жоспарлы түрде жылжып келеді.

«Шалғайдағы елді мекендерде инновациялық әлеуметтік жобаларды іске асырғанның нәтижесінде, пошта байланыс бөлімшелері қала мен ауыл арасын жалғаушы ең басты құралға айналды. Бұл жетістіктерді еліміздегі кәсіби, мықты байланыс мамандарынсыз жасау мүмкін емес еді. Біз Тәуелсіздік жылдарында ақпарат және байланыс саласында өте мықты мамандар құрамын жасақтап алдық. Соның нәтижесінде барлық биік жетістікретге жетіп отырмыз»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникация министрі.

Айта кетейік, салтанатты жиын барысында министр пошта байланысы және коммуникация қызметкерлерін құттықтап, өз ісінің үздіктеріне төс белгілер табыс етті. 

Барлық жаңалықтар