- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО серпінді дамуы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенімнің жаңа деңгейін көрсетеді - Елбасы
ЕАЭО серпінді дамуы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенімнің жаңа деңгейін көрсетеді - Елбасы
Мұхтар Құл-Мұхаммед «Единая Россия» партиясының жетекшілігіне «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау хатты табыс етті.
Өзінің құттықтау хатында Мемлекет басшысы Съезд делегаттары мен қонақтарына ыстық ықыласын жолдай отырып, Қазақстан мен Ресей халықтарын ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы Келісіммен бекітілген стратегиялық серіктестікті дәйекті түрде дамытып отырған достық пен ынтымақтастықтың санғасырлық бауырлас қарым-қатынасы байланыстыратынын жеткізген. Еуразиялық Экономикалық Одақтың серпінді дамуы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенімнің жаңа деңгейін көрсетеді.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Екі елдің билеуші партиялары: «Нұр Отан» мен «Единая Россия» арасындағы өзара тығыз байланыс Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын одан әрі нығайтатын маңызды тетік болып табылады. Жетекші саяси күштер арасындағы диалог – Қазақстан мен Ресейдің барлық саланы қамтитын серіктестігінің салмақты факторы. Біз ресейлік әріптестерімізбен көп жоспарлы және сындарлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға, партияаралық байланысты жан-жақты кеңейтіп, тереңдетуге ниеттіміз», – деп атап өткен.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Ресей астанасында бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді.
Атап айтқанда, Мұхтар Құл-Мұхаммед РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен және «Единая Россия» партия бюросы жоғары кеңесінің төрағасы Борис Грызловпен кездесіп, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрсетіп берген «Нұр Отанның» алдындағы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде сөз етті. Өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына, «Нұрлы Жол» кеңауқымды бағдарламасына, сондай-ақ, «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі, Ұлы Жібек жолының жандануы, «Үлкен Еуразияны» құру сынды Мемлекет басшысының қоғам назарына ілінген халықаралық бастамаларына ерекше көңіл бөлді.
Өз кезегінде ресейлік әріптестер Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда және Ташкенттегі ШЫҰ-ның саммитінде сөйлеген сөздерінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Өзбекстан астанасындағы басқосуда Қазақстан Көшбасшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының басқару билігін қабылдап алғанын айта кеткен жөн.
Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапония либерал-демократиялық партиясының бас хатшысымен кездесті.
Казунори Танака өз елінің парламентіне жеті мәрте сайланған. Сондай-ақ, ол бүгінде Жапонияның билеуші партиясының сайлауалды штабын басқарады.
Келіссөз барысында Казунори Танака Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы айрықша рөліне және оның халықаралық аренадағы жоғары беделіне тоқталды.
Мәскеуде Қазақстан-Ресей серіктестігінің ерекше статусы ескеріліп, Ресейге келген барлық отыз шетелдік партия делегациялары атынан Съездің ашылуына орай өткізілген салтанатты кездесуде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарына сөз берілгенін атап өткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды