- Басты
- Жаңалықтар
- А.Ахметов: Қазақстанда банк аударымы кезінде өз еркімен тарифтеуге кедергі жасау керек
А.Ахметов: Қазақстанда банк аударымы кезінде өз еркімен тарифтеуге кедергі жасау керек
Қаржы және бюджет бойынша ҚР Сенат Комитетінің алдында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдау немесе қабылдамау шешімі тұр.
Заң жобасын талқылау аясында ақша аударымы барысында банктермен тарифтерді өзгерту мәселесі талқыланды.
«Қандай негізде банктер жеке тұлғаларға ақшаны аударған кездері 15 күн ішінде ақшаны алғандары үшін 0,69 пайыздан 0,89 пайызға дейін комиссиясын алады, алайда ақшаны салған тұлға ақша салған кезінде комиссияны төледі? Клиент тек 15 күннен кейін ғана комиссиясыз ақшаны ала алады. Яғни, 15 күн бойы банк ол қаражатты өз негізінде қолданатын болады, ал клиент күтеді»,-деді сенатор Ольга Перепечина.
ҚР Ұлттық банкінің төраға орынбасары Алпысбай Ахметовтың айтуы бойынша, тарифтер мен тарифтердің қызметі банк және клиент арасында келісімде анықталады. Сонымен қатар, қазір банк келісімге отырғаннан кейін тарифті өзгертуі мүмкін және оны клиентке хабарламауы да мүмкін.
«Сол себепті заң жобасында бұл іске шектеу қойдық, яғни Қазақстанның ішінде банк клиенттің келісімінсіз тарифті өзгерте алмайды. Халықаралық есептеу бойынша тарифтер көтеріле алады, алайда Қазақстанда клиенттердің келісімінсіз өз еркімен тарифтерді өзгертуге кедергі жасау керек. Менің ойымша, біз дұрыс жолмен келе жатырмыз»,-деді А.Ахметов.
Сонымен қатар, ҚР Сенат депутаттары Еуропа мен АҚШ-та атаққа ие болып жатқан витруалды валюта мәселесін талқылады.
«Сол себепті қазіргі күні бұл виртуалды валюталар заңнан тыс. Ұлттық банк пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазіргі күні бұл мәселені қарастырудамыз және қаржы нарығында оның трендін бақылаудамыз»,-деді А.Ахметов.
Естерінізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі заң жобасының қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар, заң жобасы Ұлттық банктің тұжырымдамасын анықтайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді