- Басты
- Жаңалықтар
- Астана НЗМ Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтті (ФОТО)
Астана НЗМ Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтті (ФОТО)
Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі Назарбаев Зияткерлік мектептер арасында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) мүшелігіне кірген алғашқы мектеп болып табылады. Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) – Халықаралық білім беру жүйесіндегі халықаралық мектептерді аккредитациядан өткізетін және оқытудың озат әдістерін әзірлейтін ұйым.
CIS мүшесі атанған мекеме мектеп өміріндегі және оқу процесінде ұйымдастырып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарында халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. CIS қауымдастығына кіру – мектептің үнемі өзін-өзі кемелдендірумен қатар, дамудың келешектегі зор мүмкіншіліктеріне жол ашады. Ал бұл әрдайым жоғары деңгейде білім беруде қол жетімділіктің белгісі болып табылады.
Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – халықаралық білім беру жүйедегі халықаралық мектептерді аккредитациядан өткізетін және оқытудың озат әдістерді әзірлейтін ұйым. Бүгінгі таңда CIS қауымдастығы бүкіл әлем бойынша 697 мектеп пен 508 колледж/университетті қамтитын халықаралық білім беру қоғамдастығына кіретін бейкоммерциялық ұйым. CIS әлемнің 100-ден астам елінде мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 12-сынып оқушыларына білім беру саласында тәжірибесі бар және қызметкерлері мен кеңесшілерінің көбі бұрын халықаралық мектептерді басқарған. CIS әлемнің үздік 50 жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс жасауда.
2016 жылдың мамыр айының 13 мен 20 аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне CIS (Халықаралық Мектептер Кеңесі) эксперттерінен құралған комиссия аккредитациялық сапармен келген болатын. Бір апта көлемінде 11 адамнан құралған комиссия мүшелері (әртүрлі елдерден тағайындалған халықаралық мектеп өкілдері) жоспар бойынша өз жұмысын жүргізді.
Соңғы кездесу нәтижесінде Кеңеспен жіберілген есепте мектептің Халықаралық білім беру жүйесіне және алдыңғы қатардағы стандарттарына сай екендігі ескеріліп, ресми түрде Халықаралық Мектептер Кеңесінің мүшесі мәртебесі тағайындалды.
Мектеп басшылығы CIS аккредитациясын сәтті алуымен барлық мектеп қауымдастығын құттықтап, жасаған еңбектері үшін алғысын білдіріп, алда қойылған мақсаттарының орындалуын тіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті