- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстандағы сандық технологиялардың рөлі талқыланады
Астанада Қазақстандағы сандық технологиялардың рөлі талқыланады
Конференция қатысушылары энергетика саласындағы сандық технологиялардың бүгінгі жайы мен дамуы, республикадағы қайта қалпына келетін энергия көздерінің пайдалану жолдарын қарастырады.
“Конференция барысында талқыланатын тақырыптар «Болашақ энергиясы» атауымен ұйымдастырылатын ЭКСПО-17 көрмесінің қарсаңында үлкен маңызға ие”, - делінген хабарламада.
Конференцияның басты спикері – Германиядағы «General Electric» мемлекеттік органдарымен байланыстар кеңсесінің басшысы, доктор Вольфганг Диркер (Wolfgang Dierker). Доктор Диркер Берлиндегі Қолданбалы ғылымдар университетінде экономика және саясат ғылымдарынан дәріс оқиды, сондай-ақ «Historiker in Berlin» қоғамының негізін салушысы мен жетекшісі.
Доктор Диркер қазақстандық аудиторияға өзінің «Өндірістік интернет – энергия көздерінің қайта жандануы мен тұрақты өсім мүмкіндігі» баяндамасын ұсынады.
«Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры («Almaty TechGarden») бас директорының орынбасары Асқар Сембин Қазақстан тарапынан «Сандық технологиялар кезеңіндегі Қазақстан экономикасын индустрияландыру» тақырыбы бойынша баяндама жасайды.
Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіби бөлімдерінің жетекшілері, Қазақстан Республикасының СІМ және басқа мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми-талдау құрылымдарының, дипломатиялық миссиялардың, Астана қаласының жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы