• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс заңнамалық қызметті белсенді жариялаған журналистер үшін сыйлық тағайындады

Мәжіліс заңнамалық қызметті белсенді жариялаған журналистер үшін сыйлық тағайындады

27 Маусым, 2016 17:23
Келесі парламенттік жылдан бастап журналистерге заңнамалық қызметі үздік жариялағаны үшін арнайы сыйлық беріледі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында мәлімдеді.

«Мәжіліс бюросы келесі парламенттік жылдан бастап журналистерге заңнамалық қызметі үздік жариялағаны үшін арнайы сыйлық беруді жүзеге асырады», - деді Н.Нығматулин.

Сыйлық  үздік телевизиялық, баспасөз және интернет пен раиоматериал үшін беріледі. Жариялау тілі: мемлекеттік және орыс тілі.

«Комиссия құрамына Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері, ҮЕҰ  енетін болса, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов төрағалық етеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар