- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚДБ Қызылорда әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту мен Оралды жылумен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуді жоспарлап отыр
ЕҚДБ Қызылорда әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту мен Оралды жылумен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуді жоспарлап отыр
ҚР Премьер-Минитсрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен қатысушылар екіжақты ынтымақтастық мәселесін, Қазақстан мен әлемде болып жатқан экономикалық жағдайды және ҚР Үкіметімен қолданып жатқан шараларды талқылады.
«Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу жақсы өтті. Оны 5 министрліктің делегациясы сүйемелдеді. Біз Қазақстан мен ЕҚДБ арасында тұрғызылған ынтымақтастық пен серіктестік жайында сөз қозғадық. Баршаларыңыз білетіндей, Қазақстанға жылына шамамен 700 млн евро инвестицияланады. Бізде ынтымақтастықтың түрлі құралдары мен біріккен жобалар бар және біз оны іске асыруға талпынудамыз»,-деді баспасөз-конференциясы барысында ЕҚДБ кеңес директорының мүшесі Рафаэль Бело.
Шара аясында екі келісімге қол қойылды және сол бойынша Қазақстанның екі аймағында жобаны іске асыру үшін несие бөлу жоспарланған.
«Қазақстан ЕҚДБ-ның өте маңызды стратегиялық серіктесі. Біз өзіміздің қарым-қатынасымыздың тарихында 200-ден астам жобаны іске асырдық, қазақстандық экономикаға 6,7 млрд евродай қаржы салдық. Біздің ынтымақтастығымыздың ең маңызды бағытының бірі – Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуды қолдау. Бүгінгі іс-шарада Қызылорда және Орал қалаларымен жобаларға қол қойдық – бұл маңызды оқиға. Қызылорданың әкімдігімен қарым-қатынасымыз бұрыннан бері өрбу үстінде және түрлі салада жасалып жатқан 10-шы жобамыз. Бүгін біз әуежайды жаңғырту туралы алдын ала келісімге қол қоямыз – бұл байланысты жақстаруға маңызды болып табылады. Сондай-ақ, Оралмен орталық жылу беру бойынша, сонымен қатар біз 12 аймақта жұмыс жасаймыз»,-деді ЕҚДБ Түркия мен Орталық Азиядағы басқарушы директор Наташа Ханженкова.
ЕҚДБ алдын ала келісімдеріне сәйкес, Қызылорда қаласындағы Қорқыт – Ата Әуежай АҚ-ға несие беру қарастырылған, яғни жаңа жолаушылар терминалын құруға және әуежайдың инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,7 млрд теңге беру.
«Бүгін біз жаңа жолаушылар терминалын құру мен әуежайдың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ЕҚДБ-мен келісімге қол қойдық. Үкіметтің шешімімен әуежай халықаралық болды»,- деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сонымен қатар, ЕҚДБ Орал қаласының тұрғындарына орталық жылуды жаңғыртуға 10 млн евроға дейін несие берудің мүмкіндіктерін қарастыратын болады.
«ЕҚДБ Қазақстандағы жетекші инвестор болып табылады. Біз үшін ЕҚДБ-мен ынтымақтастық жасау маңызды. Біз алдағы уақытта да сіздермен ынтымақтастық жасауға ниеттіміз»,-деді БҚО әкімі Алтай Күлгинов.
Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы