Астанада кәсіптік білімді дамыту бойынша халықаралық форум өтеді

27 Қараша, 2013 10:29
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіби білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты V Халықаралық форумын өткізеді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Форум ТжКБ жүйесінің жыл сайынғы маңызды іс шарасы әрі Қазақстан экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша көкейкесті мәселелерді талқылау үшін халықаралық деңгейдегі диалогтық алаң болып табылады», - делінген хабарламада.

Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар министрлерінің басшылары, сонымен қатар «Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» АҚ, ұлттық және шетелдік компаниялардың, кәсіптік қауымдастықтар мен ТжКБ оқу орындарының өкілдері қатысады.

Форум Еуропа мен Азияның 11 елінің экономика саласының, халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктіреді.

 

 

Барлық жаңалықтар