- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Мемлекеттік басқару академиясының 87 түлегі диплом алды (ФОТО)
Астанада Мемлекеттік басқару академиясының 87 түлегі диплом алды (ФОТО)
Түлектерге Академияның ректоры Болатбек Абдрасилов,ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов және ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Рахимбек Мамырбаев құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов және Каунас технологиялық университетінің Өзін-өзі басқару қызметшілерін оқыту орталығының (Литва) директоры Йоланта Вайчюнене қатысты.
Аталған іс-шарада «Саясаттану», «Статистика» және «Құқықтану» мамандықтарының 87 магистрантына оқуды аяқтағаны туралы дипломдар тапсырылды.
Осы жылы алғаш рет Академия мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі арасындағы Меморандум шеңберінде Статистика департаменттері мен Статистика комитетінде жұмыс істейтін 17 мемлекеттік қызметші магистратура бағдарламасының «Статистика» мамандығы бойынша білім алды.
Биыл Академияның 203 түлегінен 97%-ы магистрлік диссертацияны «өте жақсы» және «жақсы» бағаларына қорғады, ал кешенді емтихандарды 92%-ы сәтті тапсырды.
2015–2016 оқу жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша оқуды Әзірбайжан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының 17 мемлекеттік қызметшісі тәмамдады.
Түлектердің жүргізілген сауалнамасы Академия жұмысын жоғары бағалағанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 87%-ы оқыту бойынша күтілетін нәтижелерге оңға беріп, 70%-ы оқу аяқталғаннан кейін мансаптық өсу келешегін атап көрсеткен және дәл сондай шамада сауалнама қатысушылары мемлекеттік қызметтің тәжірибелік қызметінде алынған білімдерінің талап етілетінін атап өткен.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары