- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық мергендер «Алтын Үкі - 2016» сайысының нағыз жеңімпазы атанды (ФОТО)
Қазақстандық мергендер «Алтын Үкі - 2016» сайысының нағыз жеңімпазы атанды (ФОТО)
Қытай, АҚШ, Ресей, Белорусь, Ұлыбритания және Пәкістан елдерінің үздік мергендерімен өткен лайықты жарыста жеңіске жеткен Қазақстанның күштік ведомствалары, біздің әскери қызметшілер кезекті рет өз істерінің кәсіби шебері екенін дәлелдеді.
Мергендік жұптар арасындағы жалпы командалық сынақта Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты 20030 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үздік екендерін көрсетсе, ал екінші және үшінші орынды – 22750 әскери бөлімінің мергендері иеленді. Бұдан кейінгі орындар – 35950, 32356 әскери бөлімінің командаларына және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командаларына бұйырды.
Сегізінші орын – Белорусь Республикасының, ал тоғызыншы және орыншы орындар – Қытай Халық Республикасының командаларына бұйырды. Бұдан кейінгі орындарды АҚШ, Ресей Федерациясы, Пәкістан мен Ұлыбритания елдері алды.
Қазақстанның күштік ведомствалары арасында бірінші орын – ҚР ҚК 20030 әскери бөлімінің командасына тиесілі болды, ал екінші орын – ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне бұйырды, үшінші орынды – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы иеленді.
Осындай кәсіптегі түрлі елдердің өкілдерімен өзара тәжірибе алмасу жарыс барысында ең бастысы деп қатысушылар атап өтті. Мергендер өздерінің кәсіби іс-қимылында қолданатын тәжірибелерімен, машықтарымен, жаңа амал-айлаларымен және практикалық іс-қимылдарымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек «Алтын Үкі - 2016» IV халықаралық мергендік жұптар сайысы 2016 жылғы маусымның 20-сы мен 24-і аралығында өтті. Жарыс барысын Үндістан мен Түркия өкілдерінің бақылаушылары қадағалады. Бұл жарысқа 21 команда қатысты. Бір апта бойы «Алтын Үкі – 2016» сайысына қатысушылар түрлі күрделі 14 жаттығудан құралған 5 кезеңнен өтті. Мергендерге дене төзімділігі мен психологиялық беріктікті сынайтын жаттығулар берілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды