- Басты
- Жаңалықтар
- А.Ахметов: Жедел ресми ақпарат таратуда негізгі салмақ баспасөз қызметіне артылады
А.Ахметов: Жедел ресми ақпарат таратуда негізгі салмақ баспасөз қызметіне артылады
«Казконтент» АҚ басқарма төрағасы аталмыш шара журналистік цех үшін өте маңызды екенін айтты, себебі олар баспасөз қызметшілерінің жұмысы мен олардың қызметіне баға берумен айналысты.
«Байқау алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Барлық баспасөз қызметтері үздік номинацияға лайық. Бір ұпай ғана әріптестер арасында үздіктерді анықтап жатты. Осы салада барлығы шынайы әрі ашық түрде бағаланды. Біз соңына дейін үздіктің кім екенін білмедік. «Кәсіби құрмет» номинациясы бойынша барлығы бірдей дауыс жинады. Оны журналистер қауымдастығының арнайы сарапшылар комиссиясы анықтады. Біз БАҚ ретінде баспасөз қызметінің хабарламаларын жариялаймыз. Мен біздің бастаманы барлық баспасөз қызметі қолдағанына қуаныштымын», - деді А.Асқаров.
Марапаттау рәсімінде «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі» аталымы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі жеңімпаз атанды. Осы аталым бойынша ең көп дауыс жинағандар қатарында ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бар.
Ал «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі» аталымында Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жеңіске жетті. Осы аталым бойынша Астана әкімдігі мен Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметтері де көп дауыс жинағандар қатарынан табылды.
«Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі» аталымында «ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша БАҚ өкілдері сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК»АҚ пен «Бәйтерек» Холдингін жеңімпаз деп тапқан екен.
«Кәсіби құрмет» арнайы аталымында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Ернұр Уәли жеңіске жетті. Осы номинация бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов пен ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың еңбегі жанды.
Салтанатты рәсіміһнің соңында «Ең оперативті баспасөз хатшысы» аталымы бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов марапатталды.
Ботагөз Айтжанова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Бюджетке енгізілген өзгерістер: Қаражат қандай бағыттарға жұмсалмақ