• Басты
  • ЖЗҚ қаржысын экономиканы дамытуға салу үлкен тәуекелді қажет етпейді – ҚР Еңбек министрлігі
24 Қаңтар, 2013 00:00

ЖЗҚ қаржысын экономиканы дамытуға салу үлкен тәуекелді қажет етпейді – ҚР Еңбек министрлігі

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) қаржысын ел экономикасын дамытуға инвестициялау барысында салымшылар үшін тәуекелді барынша азайту тетіктері әзірленетін болады, деді бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов.
ЖЗҚ қаржысын экономиканы дамытуға салу үлкен тәуекелді қажет етпейді – ҚР Еңбек министрлігі | Strategy2050.kz

«Тақауда Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қолдану арқылы  шағын және орта бизнесті дамытуға инвестициялау туралы бастама көтерді. Сонымен қатар, ЖЗҚ қаржысын инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялау мәселесі де шешілуде. Мұның барлығы  инвестициялық табыстылықты қамтамасыз ету үшін жасалуда, оның нәтижесінде зейнеткерлікке шыққан адамға еңбек еткен жылдар ішінде тапқан табысын алмастыратын табыс алуға мүмкіндік беріледі», - деді Еңбек министрі.

«Бұл жағдайлардың барлығы, әрине, осыны іске асыру барысында талданады, біз осы қаржыны салған кезде салымшылар үшін үлкен қауіп болмайтындай тетік түрлерін енгіземіз», - деп атап өтті С.Әбденов.

Еңбек министрі сөзіне қарағанда, Қазақстанда Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құруға ҚР Үкіметі Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірлесіп жүргізген талдауы арқылы анықталғандай, қазіргі жұмыс істеп тұрған зейнетақы қорларының тиімсіздігі себепші болған.

«Президенттің тапсырмасы жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі жағдайына қарай уақытылы жасалған шара», - деді С.Әбденов.

Ведомство басшысының айтуынша, Еңбек министрлігіне бір айдың ішінде аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарын енгізу жүктелген.

«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы ең алдымен барлық мемлекеттік органдардың алдына, Үкіметтің алдына халықтың, оның ішінде әр адамның  өмір сүру сапасын жақсарту міндетін қойып отыр, сондықтан бұл сұрақ дәл осы көзқараста қарастырылуы қажет. Бүгінде зейнетақы төлемдерін еңбек жасындағы табатын табыспен тиісінше алмастыратын қажетті мөлшерге дейін жеткізу жөніндегі факторлар талқылануда», - деп түсіндірді министр.

Үстіміздегі жылғы 23 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың қорытындылары мен «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жөніндегі мәжілісте Еңбек министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырған болатын.

«Бірыңғай зейнетақы қорын құрып, оған барлық жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларының шоттарын беру керек. Біздегі зейнетақы және сақтандыру секторында орасан мол ақша  - 800 млрд теңге пайдаланылмай жатыр...  Банктердің бүгінде теңгемен 6,5-7,5% орта мерзімді қорлануға күштері жетеді. Сондықтан алдымен осы ресурсты пайдаланайық», - деді Н.Ә.Назарбаев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды