- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде баяндамасын табысты қорғап шықты
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде баяндамасын табысты қорғап шықты
Қазақстан делегациясының құрамына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы, Орталық сайлау комиссиясы, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, сыртқы істер, ақпарат және коммуникациялар, білім және ғылым министрліктері мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері кірді.
Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльвира Азимова БҰҰ Комитеті мүшелерінің назарына елімізде адамдардың азаматтық және саяи құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан саясат, Қазақстан қоғамының өміріндегі бес институционалдық реформаларды нақтылайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған ұлттық заңнамамен таныстырып өтті.
Делегация мүшелері Комитет сарапшыларының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша болған негізгі жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабардар етіп, қылмыстық іс жүргізу, сот және құқық қорғау жүйелері, адам құқықтары бойынша уәкілдің қызметі, экстрадиция және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін мүдделі мемлекеттік органдардың қызметі жайлы айтып берді.
Өз сөздерінде Комитет мүшелері Қазақстан Республикасында азаматтық және саяси құқықтарды қорғау мәселесінде айтарлықтай жетістіктер болғанын айтты. Мәселен, Комитет төрағасы Фабиан Сальвиоли осы саладағы соңғы төрт жылда біршама прогресс байқалатынын атап өтті. Германия өкілі Ань Зайберт-Фоор делегацияның Комитет жасаған соңғы ескертулер мен ұйғарымдарды орындауға аса жауапкершілікпен қарағанын атап өтті. Баяндамашылардың бірі Яхд Бен-Ашур еліміздің ішіндегі дінаралық және ұлтаралық кеілсімге бағытталған халықаралық бастамаларын ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасының баяндаманы қорғауының алдын ала қорытындысы ретінде Комитет мүшелері қорғау барысында айтылған ұсыныстарды орындау бойынша жүйелі шараларды орындау қажеттілігін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді