Ақмола облысында балалар қоғамдық қозғалыс белсенділерінің слеті өтеді

27 Қараша, 2013 10:00
Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай балалар қоғамдық қозғалыс белсенділерінің слеті өтеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

« «Жас Ұлан», «Жас қыран»  балалар қоғамдық қозғалысының слетіне 500 жас ақмолалықтар жиналды. Шара Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді», - делінген хабарламада.

Шара барысында жастар қозғалысының жетекшілері, НЗМ халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары, Мемлекет басшысының елге тигізген үлесі жайлы баяндама оқиды.

Сондай-ақ, балалрдың ұйымдастырушылығын арттыру бойынша фильмдер көрсетілу жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар