• Басты
  • Астананың соңғы екі жылда негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 772,7 млрд теңгені құрады
25 Маусым, 2016 11:28

Астананың соңғы екі жылда негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 772,7 млрд теңгені құрады

Бизнесті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мәслихат сессиясының кезекті сессиясында елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова соңғы екі жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 772,7 млрд теңгеге дейін артқанын мәлім етті.
Астананың соңғы екі жылда негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 772,7 млрд теңгені құрады

Қала әкімдігінің ресми сапары хабарлағандай, шағын және орта бизнестің өнім өндіру көлемі 2 есеге ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті. Бұл өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бүгінде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдардың саны 288 мыңды құрап отыр.

Сондай-ақ, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында өткен жылы ұлттық компаниялармен бірлесіп, жалпы сомасы 102,1 млрд теңгеге жуықты құрайтын 10 меморандумға қол қойылды. Қазіргі кезде 102 млрд теңгелік 150 келісімшарт жасалды,

Атап айтқанда, келісімшарттар электровоздар, темірбетон бұйымдар, бетон, газоблок, шыныпакеттер, арнайы аяқ киімдер және қазақстандық, соның ішінде астаналық өндірушілер дайындаған өнімдер үшін металл бөлшектер сатып алуды қамтамасыз етуге қатысты.

Малика Бектұрованың атап өтуінше, қазіргі таңда жеңілдетілген несие беру арқылы қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар сәтті іске асырылып жатыр.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 524 жоба қолдау тапты, нәтижесінде 4300 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 8 жұмыс орны сақталды, салықтық түсімдер 16 млрд теңгені құрады.

«Айта кетейік, кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру үшін мамандардың, кәсіпорындар топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылады, бизнесті жүргізу бойынша сервистік қолдау, рұқсат құжаттарын алу, бухгалтерлік, салықтық есеп және т.б. мәселелер бойынша консультациялық қызметтер ұсынылады.

Жалпы, 5 мыңнан астам адам оқытылды, сондай-ақ, бизнесті жүргізу бойынша 12 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілді. 400 артық кәсіпкер шетелдік әріптестермен байланыс орнатты, шағын және орта кәсіпорындардың 50 астам басшысы Германия мен АҚШта тағылымдамадан өтті, – деді М. Бектұрова.

Заманауи инфрақұрылым құру, инвестициялар тарту және құрылыста озық технологияларды қолдану жолымен Астана қаласын қарқынды дамыту мақсатында «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.

«АЭА шеңберінде жасалған жағдайлар жалпы құны 167,8 млрд теңгені құрайтын 22 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді, Индустриаландыру картасы аясында 2010-2014 жж 3 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні №1 индустриалды парк аумағында 62 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Биыл инвестициялар көлемі 42,8 млрд теңгені құрайтын тағы 10 жобаны іске қосу көзделген. Соның арқасында 900 жаңа жұмыс орны ашылады. №2 Индустриалды паркте 130 жуық өндіріс орны орналасады, соның ішінде машина жасау, химия, фармацевтика, металлургия, электроника, тамақ өндіру және құрылыс материалдары мен логистика салаларындағы өнеркәсіптер», - деді Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, Астанада өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылы 343,6 млрд теңгені құрады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды