• Басты
  • Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру туралы қаулыға қол қойды
24 Маусым, 2016 19:03

Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру туралы қаулыға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру туралы қаулыға қол қойды

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:

Паттеев Шәмшиддин Әшенқожаұлына – «Түркістан» газетінің бас редакторына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

Курятов Владимир Геннадьевичке – «Казахстанская правда» республикалық газетінің саясат бөлімінің редакторына, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелерді терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:

Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлына – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісіне, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамаларын жариялап-көрсеткені үшін;

Ляховская Вера Андреевнаға – «Свобода слова» қоғамдық-саяси апталығының тілшісіне, республиканың әлеуметтік-мәдени өміріне арналған жарияланымдары үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:

«Дойче Альгемайне Цайтунг» газеті шығармашылық ұжымына қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жариялап-көрсеткені үшін;

 «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына  әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің іске асырылуын, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуды белсенді түрде жариялап-көрсеткені үшін;

«Қазақ радиосы» радиостанциясының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

 «РИКА-ТВ» телекомпаниясы шығармашылық ұжымына  өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды