- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірігуі Қазақстанға болашақта зор басымдықтар береді
Н.Назарбаев: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірігуі Қазақстанға болашақта зор басымдықтар береді
– Бүгін ШЫҰ-ның маңызды, тарихи мәні бар саммиттерінің бірі өтті деп есептеймін. Қазақстан Қытаймен шекараға қатысты аумақтық мәселелерін шешіп жатқан бес республиканың қатарында Ұйымды құрудың бастамашыларының бірі ретінде оның бастауында тұрды. Қазіргі басым бағытының бірі экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып саналатын біздің Ұйым экономикалық және саяси жағынан маңызды әлемдік ойыншыға айналды, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті саммит аясында Үндістан мен Пәкістанның Ұйымға кіруі жөніндегі негізгі құжаттарға қол қойылғанын айтты.
– Үндістан мен Пәкістанның қосылуының арқасында ұйым Еуразияның көп бөлігін, жер шары тұрғындарының жартысын және әлем экономикасының 20%-ын қамтитын одан да зор жаһандық құрылымға айналды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік-логистика пунктері арқылы тоғысуы, елдеріміздің экономикалық шекараларының ашылуы және Ұлы Жібек жолының жаңғыртылуы Қазақстанға болашақта зор басымдықтар береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы іс-шара аясында өткен екіжақты келіссөздердің негізгі нәтижелері туралы айтып өтті.
– Біз бүгін ҚХР төрағасымен кездесу кезінде елімізді индустрияландыруда маңызды рөл атқаратын 50-ден астам бірлескен кәсіпорын құру перспективаларын қарастырдық. Ауғанстан Президентімен келіссөздер барысында сол елдегі жағдай талқыланды. Бүгінде Қазақстан ауған студенттерінің білім алуына қолдау көрсетуін жалғастыруда. Ауғанстанға 150 маман қайта оралып, олар таяуда жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар біз еліміздің жоғары оқу орындарына жыл сайын 50 адамнан қабылдап, Ауғанстан экономикасының қайта қалпына келуіне көмек көрсетудеміз, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі саммиті 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада өтетінін хабарлады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев саммит қорытындыларына қанағаттанатынын айтып, оның еліміз үшін дер кезінде өтіп отырған және аса маңызды шара екенін атап өтті.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды