ҚР-да 2016 жылдың 5 айында 3 млрд теңгенің 23 нысаны жекешелендірді – ҰЭМ

24 Маусым, 2016 17:59
2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млрд теңгенің 23 нысаны жекешелендіру. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев халық алдында берген есебінде айтты.

Кешенді жоспарды жекешелендіруге жататын және бәсекелес ортаға берілетін 783 ұйымнан тұратын тізім айқындалды.

«2016 жылдың қаңтар-мамыры кезеңінде 3 млрд теңгеден астам сомаға 23 объект жекешелендірілді», - деп хабарлады Министр.

 Сонымен қатар, кешенді жоспар шеңберінде «Самұрық - Қазына» қорының 7 компаниясы 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылатын болады. «Бұл Қазақстан темір жолы», ҚазМұнайГаз, ҚазАтомӨнеркәсіп, Самұрық-Энерго, Тау-Кен Самұрық, Қазпошта және Эйр Астана»,- деп нақтылап өтті Бишімбаев.

Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде, активтерді сатуға шығаруға одан әрі дайындау үшін тәуелсіз кеңесшілер тартылуда.

Министрдің айтуынша, тұрақты түрде Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөнінде мемлекеттік комиссияның отырыстарында баланстық құны 5 млрд теңгеден астам ірі компанияларды, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорының активтерін сату мәселелері қаралады.

Қазірдің өзінде «Самұрық-Қазына» қорының шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын немесе бизнесті одан әрі дамыту перспективасы жоқ 59 еншілес және тәуелді ұйымдарды жабу туралы ұсыныстары мақұлданды, тағы 12-сі трансформациялау бағдарламасы шеңберінде құрылысын оңтайландыру мақсатында қайта ұйымдастырылатын болады. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар