- Басты
- Жаңалықтар
- К. Бишімбаев: 2016 жылдың 5 айында 34 мың қазақстандық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты
К. Бишімбаев: 2016 жылдың 5 айында 34 мың қазақстандық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты
«2016 жылдың 5 айында 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% жоғары. Осылайша, 34 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты»,-деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, жалпы, «Нұрлы жолмен» қатар әкімдіктер де тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Олар несиелік тұрғын үй желісі бойынша салынуда.
«2015 жылы басталған құрылыстарды аяқтау үшін республикалық бюджеттен 10,2 млрд. теңге қарастырылды. Жылдың аяғына дейін әкімдіктер желісі бойынша 194 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2,6 мың пәтер пайдалануға берілетін болады»,-деп хабарлады ол.
Бұдан бөлек, Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі арқылы 2016 жылдың қолжетімді және жалдық тұрғын құрылысына өте үлкен сомада қаржы бөлінгенін атап өтті.
«2016 жылға 22,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2016 жылдың қортындысында қосымша 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Бұл 6,5 мың қазақстандық отбасының жалдық және несиелік тұрғын үйге қол жеткізетінін көрсетеді. Қазіргі уақытта 26 мың шаршы метр берілді, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады»,-деді ол.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді