• Басты
  • Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты
24 Маусым, 2016 20:08

Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты

Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.
Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 есеге артты

Баспасөз мәслихатында аудан әкімі жыл басында Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында бірқатар міндеттемелер жүктелгенін айтып, бұл бағытта ауданда нақты жұмыстар іске асырылып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, ауданда кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша атқарушы органдар үшін Бірыңғай конкурстық комиссия құрылып, бос лауазымға конкурстар ашық түрде байқаушылардың қатысуымен өткізілуде. Сонымен қатар, Ұлт жоспары аясында халыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылып, оған Сарыағаш және Келес өңірі бойынша екі басшы тағайындалған. Оның құрамында 200-ге жуық қызметкер бар. Ал құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 200 «Сақшы-Сарбаз» еріктілер жасағы да құрылған. Осының нәтижесінде мал ұрлықтары мен құқық бұзушылық деректері ашылған.

Брифингте, сондай-ақ, аудан әкімі Сарыағашта 1 көлік логистикалық орталығының жұмыс істеп тұрғанын айтып, жыл соңына дейін құны 750 млн. теңге болатын тағы бір логистикалық орталықтың ашылатынын жеткізді. 

«Сарыағаш – аграрлы бағыттағы аудан болып табылады. Мұнда өнімнің негізгі үлесін ауыл шаруашылығы саласы алады. 2015 жылы аумақтық жалпы өндірілген өнім 130,3 млрд. теңге болса, оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 60,6 млрд. теңге немесе 46,5% құрады. Соңғы 5 жылда оның көлемі 35,4 млрд теңгеге өсіп, 2,4 есеге артты», -деді Б.Парманов.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды