- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Г.Әбдіқалықова Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Отырыста 2016 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған жұмыстар, сондай-ақ олардың тіркелуі, қаралуы және қойылған талаптарға лайықтылығы тұрғысынан алғашқы сараптамадан өтуі туралы ақпарат тыңдалды.
Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында мәдени кодты сақтаудың маңыздылығын ерекше аталып өткеніне тоқталды. Тілді, руханиятты, дәстүрді және ұлттық құндылықтарды дамыту қоғам мен мемлекет алдында тұрған басымдығы бар міндеттердің бірі екені және оларды орындау ісінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің миссиясы айрықша екендігі айтылды. Осы орайда Мемлекеттік хатшы еліміздің мәдени мұрасын молайтуға үлес қосқан авторларды бағалау және оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстың маңыздылығына, соған орай комиссия мүшелеріне ерекше жауапкершілік жүктелетініне тоқталып өтті.
Еңбектерді талқылау және жасырын дауыс беру үдерісі 3 секция – Әдебиет, Музыка, театр және кино, Бейнелеу өнері және сәулет секциялары бойынша қаралды. Секцияларда жалғасқан талқылаулардың, жасырын дауыс берулердің, одан кейінгі жалпы отырыстың қорытындысы бойынша байқаудың келесі кезеңіне жіберілетін шығармаларға қатысты шешім қабылданып, үміткерлердің тізімі бекітілді.
Хаттамалық шешімге сәйкес, сыйлыққа ұсынылған авторлар мен шығармалар туралы ақпарат қоғамда, жұртшылық арасында ашық талқылану үшін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі