• Басты
  • Қазақстанның Елшісі Бразилияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
24 Маусым, 2016 20:41

Қазақстанның Елшісі Бразилияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржанов Бразилия Федеративтік Республикасы (БФР) Президенттің міндетін атқарушы Мишел Темерге «Планальту» президент сарайында сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Елшісі Бразилияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында сұхбаттасушылар екіжақты қарым-қатынастардыңдамыту перспективаларын талқыладыҚ. Саржанов Бразилиямен машина жасау, металл өндеу, мұнай және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бразилиялық инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі екенін баса айтты.

Елші екіжақты сауда айналымының құрылымын ескере отырып, ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықтың даму әлеуетінің мол екенін атап өтті, оның ішінде Қазақстан аумағында ет, сүт шығаратын бірлескен кәсіпорындарды құру, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін заманауи технологияларды қолдану арқылы өңдеу бойынша тәжірибе алмасу сияқты мәселелерге назар аударылды. Сонымен бірге, ол еліміздің әуе құрамында бразилиялық «Ембраер» компаниясының 12 жолаушы ұшақтарының барына байланысты Қазақстанда авиациялық-техникалық орталықты ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Елші Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары белсенді атқарылып жатқандығына ерекше назар аударып, Бразилияның қатысуы туралы ресми растау құжатын жіберу мәселесін және «ЭКСПО» Комиссарын тағайындау рәсімін тездетуге шақырды. «Итайпу Бинасионал» бразилиялық компаниясы «ЭКСПО-2017» алаңында ұлттық павильонын ашу мәселесінде БФР үкіметіне қаржылық көмек көрсетуге дайын.

Қ. Саржанов Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы және Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде қоғамды дамыту мен экономиканы әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық климатты жетілдіру жұмыстары, жекешелендіру просессі туралы хабарлады. Сондай-ақ елші Қазақстан Президентінің бітімгерлік бастамасы – «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі қырлары туралы баяндады.

Өз кезегінде, М. Темер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс пен Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа жағадайларды туғызуды шын жүректен тіледі. Дүниежүзілік саяси сахнасында Қазақстанның өсіп жатқан беделін атап өтіп, елімізбен барлық салаларда өзара ықпалдасуға дайындығын білдірді және сауда-экономикалық әлеуетін белсендетуге барлық мүмкіншіліктер бар екенін айтты. 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды