- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қоры мен Алматы әкімдігі ШОБ пен астық саласын дамытуға 1 млрд теңге бөледі
«Даму» қоры мен Алматы әкімдігі ШОБ пен астық саласын дамытуға 1 млрд теңге бөледі
Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Несие айналымдағы қаражатты толықтыру мен құрал-жабдықтарды жаңғырту, жаңасын алуға деп бөлініп отыр.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5%. Қарыз 100 млн теңгеге дейін беріледі. Құрал-жабдықтарды жаңғыртып, жаңасын алу үшін 84 айға дейін, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін мерзім көрсетілген. Негізгі қарызды жабуға 18 айға дейін жеңілдік ұсынылады. Аталған бағдарламаға сәйкес, несие алған кәсіпкерлер кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана алады.
«Алматы қалалық әкімшілігімен арадағы бұл келісім шаһардың азық-түлік белдеуі, азық-түлік қауіпсіздігін құруда өте маңызды. «Даму» Қоры бұл бастаманы қолдайды. Мұндай әріптестік тауар өндірушілер үшін өнімін өткізуге, ал қала халқы үшін қол жетімді, сапалы, экологиялық таза тағам сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылдық үстемақысы 8,5% болатын арзан несие қалада шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көбеюі мен олардың шығаратын өнім көлемін арттыруға да септігін тигізеді. Бұл – қала қазынасына қаржы түсіріп, жұмыс орындарының сақталып, жаңасының ашылуына алып келеді»,-деді «Даму» Қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
Анықтама үшін: 2015 жылы «Даму» Қоры мен Алматы қалалық әкімшілігі сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған «Жібек жолы» бағдарламасы үшін 4 млрд теңгенің меморандумына қол қойған болатын. Соның арқасында 77 жоба қаржыландырылып, 376 жұмыс орны сақталып, шамамен 350 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бағдарламаға екінші деңгейлі 7 банк қатысты. Кәсіпкерлердің өтінішімен 2016 жылы бағдарлама жалғастырылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері