- Басты
- ОҚО-да 531 шақырымдық 46 су нысанына жөндеу жүргізіледі - әкімдік
ОҚО-да 531 шақырымдық 46 су нысанына жөндеу жүргізіледі - әкімдік

Жиынға ҚР ауыл шаруашылығы академиясының ғалымдары мен докторлары және профессорлары қатысты.
Жалпы Оңтүстік өңірі республикадағы бірден бір аграрлық аймақ. Осылай деген облыс басшысы жердің тұздану мәселесін шешуді тездету керектігін атап өтті. Себебі ауылшаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда, барлық 566,3 мың га суармалы жердің 186 мың га тұзданған, оның ішінде 93,6%-ын Мақтарал, Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласының жерлері.
Мәжіліс барысында Отырар, Мақтарал аудандырының және Арыс қаласының әкімдерінің, «Қазсушар» және «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорындары өкілдерінің атқарылған жұмыстарының есептері мен ұсыныстары тыңдалды.
Ағымдағы жылы 531 шақырымдық 46 су нысандарына облыстық бюджеттен 3,9 млрд. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда, 30 мың га суармалы жердің жағдайы жақсарып, 1,5 мың га суармалы жер жаңадан айналымға қосылады.
Ауыл шаруашылығы министірлігі Ислам Даму Банкімен жер асты суаларының деңгейін төмендетуге бағытталған жобаларды жасақтауда. Аталған жұмыстар нәтижесінде Мактарал ауданында 210 дана, Шардара ауданында 302 дана тік дренажды ұңғымалар қайта құрылмақ. Нәтижесінде Мақтарал ауданында 37 059 га және Шардара ауданында 64 315 га суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.
Отырар ауданындағы Шәуілдір алқабындағы ішкі коллекторлық дренаж жүйелерді қайта құру жобасы Европа қайта құру және даму Банкі арқылы қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба, 12,0 мың га суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға қол жеткізіледі.
Одан бөлек, Отырар ауданының суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін және 5 мың га жаңадан суармалы жер қосу мақсатында, бүгінгі күні Европа қайта құру және даму банкімен 4,4 млрд теңгеге «Сырдария-Арыс» каналын қайта құру жұмыстарының мәселесі пысықталды.
Сондай-ақ, Дүние жүзілік даму банкінің қаржыландыруымен ИДЖЖ-2 бағдарламасы арқылы Мақтарал ауданында 39 757 га, Шардара ауданындағы 20 630 га және Түркістан қаласында 10 000 га жерге суару жүйелерінің қайта жаңарту және қайта құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, Австралиялық «SMEG» фирмасы аталған бағдарламаға жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Жоғарыда аталған жобалардың аяқталуымен 2018-2020 ж облыста суармалы жерлердің тұздану мәселесі толығымен шешімін табу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстанның су ресурстарын басқару» мемлекеттік бағдарламасы аясында 125 мың га жаңадан суармалы жерлер қосылу көзделуде.
Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар тапсырды: 1) әр аудан бойынша тұздалған жерлердің электронды картасын қысқа мерзімде әзірлеу; 2) ғалымдарды, аумақтық және жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, тозған жерлерді қалпына келтіруге жүйелі шара қабылдау; 3) суармалы жерлердің жағдайын жақсарту бойынша шаруа қожалықтарымен тұрақты түрде жұмыс жасау; 4) алға қойған тапсырмаларды іске асыру үшін облыс әкімі жанында сарапшы кеңес құру.
-
Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер
Жергілікті мәслихаттың біздің мемлекетіміздің зайырлы, демократиялық негізде қалыптасуына қосатын үлесі зор. Бұл туралы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда Түркістан облыстық мәслихатының ардагері Шалатай Мырзахметов айтты.
06 Желтоқсан 2019, 16:19
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды
ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.
03 Желтоқсан 2019, 18:07
-
А. Мамин С. Коэмен кездесу өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының президенті лорд Себастьян Ньюболд Коэ бастаған делегацияны қабылдады.
03 Желтоқсан 2019, 09:15
-
Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.
26 Қараша 2019, 12:02
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: 2-бөлім. Металлургтер қаласындағы тұлғаның қалыптасуы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың екінші бөлімі Елбасының кәсіби қызметіне арналады.
26 Қараша 2019, 09:23
-
Қ.Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді
Мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
25 Қараша 2019, 17:57
-
Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.
20 Қараша 2019, 12:10
-
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаоны қабылдады.
15 Қараша 2019, 16:47
-
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар бизнесті сәтті іске қосуда
Шығыс Қазақстан облысының атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мемлекеттің қолдауын пайдаланып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы бола отырып, өз отбасыларының материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өз бизнестерін ашуға мүмкіндік алды.
13 Қараша 2019, 09:15
-
Б. Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын құттықтады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.
08 Қараша 2019, 16:26
-
Маңғыстау облысында жемқорлық фактілерінің жолын кесу тиімділігі 2 есеге арты
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеу жұмысының 9 ай қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
08 Қараша 2019, 14:53
-
Сенатта су қауіпсіздігі мәселелері талқыланады
Сенат Спикері Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды.
05 Қараша 2019, 10:00
-
Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
31 Қазан 2019, 18:20
-
ШОК субъектілерінің саны 1, 6 млн бірлікті құрады – Ж.Мәдиев
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында кәсіпкерлікті дамыту және елде бизнес-климатты жақсарту туралы, Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсарту туралы айтып берді.
28 Қазан 2019, 16:16
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды