• Басты
  • Н.Назарбаевтың «Россия 24» телеарнасына берген сұхбаты (ТОЛЫҚ МӘТІН)
23 Маусым, 2016 20:31

Н.Назарбаевтың «Россия 24» телеарнасына берген сұхбаты (ТОЛЫҚ МӘТІН)

Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына сұқбат берді. Ресейлік журналист Михаил Гусманмен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық үдерістерге қатысты, сонымен қатар, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына байланысты ауықымды сұрақтарға жауап берді. Strategy2050.kz. ақпарат агенттігі ҚР Президенті сұқбатының толық мәтінін жариялайды.
Н.Назарбаевтың «Россия 24» телеарнасына берген сұхбаты (ТОЛЫҚ МӘТІН)

-Сіз Санкт-Петербург экономикалық форумының  қорытындысын  қалай бағалайтын едіңіз?

Біріншіден, Санкт Петербордағы экономикалық форум танымал және экономистердің, саясаттанушылардың, сарапшылардың талқылау алаңына айналды.

10 мың адамның қатысу факті, оның ішінде батыс және америкалық іскер адамдардың, БҰҰ бас хатшысының қатысуы деңгейдің жоғарылығын көрсетеді.

Барлық санкцияларға қарамастан, бүгінгі экономикалық форум өзінің мақсатына жетті, сондықтан панельдік сессиялар аясында барлығы Ресей мен ресейлік бизнес діттеген мақсатына жететінін айтты. Мен үшін ең маңыздысы  ресей бизнесінің капитанымен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндік жағдайын талқылау маңызды болды.  Бізде В.Путинмен өте сенімді әрі келісімді кездесу болды, екіжақты мәселелер мен өңірлік сұрақтар, геосаяси проблемалар, ЕаЭО дамуын талқыладық. Астанада 4 қазанда Қазақстан-Ресей форумы өтеді.  Шарада көптеген кездесулер жүзеге асып, келісім шарттар орындалады. Ол біз үшін өте маңызды. Сондықтан да мен форумды жоғары бағалаймын, осыған дейін Астана экономикалық форумы  өткен болатын. Олар бір-бірін толықтырады.

Білуімше, қазір сіз ШЫҰ кеңесіне қатысу үшін Ташкентке барасыз. Осы жылғы отырысқа 15 жыл толып отыр, жаңа ұйым үшін айтарлықтай салмақты уақыт. ШЫҰ әлеуетін қалай көресіз, ШЫҰ жұмысында Қазақстанның рөлі қандай?

15 жыл толып отырғандықтан – бұл мерейлі мереке, барлығының бастамасын еске алатын, тарихи сәт. Біз көп жылдар бойы келіссөздер жүргізіп, шекара туралы келісімдерге қол қойдық. 2001 жылы Шанхайда кездесіп, аталмыш тарихи келісімге қол қойдық. Сіздер тарих өте ауқымды екенін білесіздер. Қытай мен Кеңес Одағы арасында келіспеушіліктер болды, адамдар көз жұмды, бұл қырқыс үшін соңғы нүкте қойылды. Біз оған дейін де бесеуміз бірқатар кездеспек болдық. Соңында мен сол кездегі Төраға Дзинь Пинға біз осы жерден тоқтайтынымызды айттым. Одан кейін біз бір-бірімізге үйрене бастадық.Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі қалай дамытатынымызды талқыладық. Соның негізінде ШЫҰ құрылды. Енді біз 15-ші отырысты Ташкентте өткіземіз. ШЫҰ Еуразиялық кеңістікте өте маңызды ұйым болып табылады. Біріншіден, бұл кеңістіктегі қауіпсіздік, екіншіден, экономика, үшіншіден, гуманитарлық ынтымақтастық және көлік, логистика саласы. Біз Уфада өткен отырыста ортақ корпорацияны лаңкестікпен күрес бойынша құруды ойладық.

Мен ЕАЭО және ШЫҰ еркін сауда аймағын құруды ұсындым, қазір өте маңызды кезең, біз Ташкентте жаңа мүшелерді қабылдаймыз, олар: Үндістан мен Пәкістан, Иранның қосылуын қарастырамыз. Үндістан мен пәкістан 1 млрд 300 млн сомасына түседі.

Егер де Америка мен Тынық мұхиты ауданы еркін сауда аймағын құрса, транстынықтық ынтымақтастық жүзеге асатын болса, ортасында біз қалып отырмыз, сондықтан бұл жерде үшінші экономикалық қауымдастық ашылып отыр. Осы орайда әрі қарай даму Ташкентте талқыланады.

Шаңхай ынтымақтастық ұйымы еуразиялық кеңістікте өте маңызды ұйым. Онда бірнеше жүзеге асыру пункттері бар. Бірінші – осы кеңістіктегі қауіпсіздік, екінші – экономика, үшінші – гуманитарлық ынтымақтастық. Сонымен қатар әрине, логистика экономикаға біздің елдер арқылы қатысады»,-деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Уфада елдердің көшбасшылармен кездескен кезде терроризммен күрес бойынша ортақ копорация құру туралы келісілгенін еске салды.

Мен Еуразиялық эконосмикалық одақпен және ШЫҰ-мен еркін сауда құруды ұсындым. Бастама қаралып жатыр және ресейлік тарап қолдауда. Қазір маңызды кезең Ташкентте біз жаңа мүшелер Индия мен Пәкістанды қабылдаймыз және Иранның қосылу талаптары қарастырылады»,-деді Н.Назарбаев.

Президент бұл елдердің мүшелікке енуі – бұл «уақыт талабына жауап», деп атап өтті.

Егер Америка мен тынық мұхиты еркін сауда аймағын құрса, егер трансатлантикалық ынтымақтастық орнаса, онда ортада біз қаламыз. Бұл жерде үшінші экономикалық қоғам пайда болады, үшінші бірлестік. Біз Ташкентте алдағы уақытта дамуымыздың мәселелерін талқылайтын боламыз. Транспорт пен логистика өте маңызды.

Осыған байланысты Президент «Ұлы Жібек жолы» бастамасын атап өтті.

«Бұл өте маңызды бастама, мұның жанынан қаржылық база, қор, банк құрылған. Және біздің «Нұрлы жол» инфроқұрылымдық бағдарламамыз шектесіп отыр. Барлық империялар өздерінің көліктік магистральдарын игергеннен кейін ұлы империяға айналды. Біз үшін ол 21 ғасырда да маңызды. Біз Қытайдан Каспи теңізіне дейін автомобиль және темір жол салып, Иран арқылы Парсы шығанағына шықтық және біз арқылы Ресей мен Еуропаға шығуға болады. Яғни,  байсалды бірлестік болып шықты. Біздің міндетіміз ШЫҰ-н аморфты, қағазды, бюрократтық ұйымға айналдырмау. Мен Еуразиялық одақ жайында айтқанда осындай жағдайға жеткізбеу жөнінде алаңдаймын.

- Биыл ТМД елдерінің ынтымақтастығына да мерейлік мерзім болып отыр. Бішкекте ТМД-нің 25 жылдығы тойланады. Менің білуімше, аталмыш Достастықтың реформасын дамытуға мүдделісіз, оның реформаны қажет етіп тұрғандығы сізге және әріптестеріңізге де белгілі. Қандай реформаларды жүргізу қажет, ТМД интеграциялық құрылым болу үшін не істеу керек?

Кеңес одағында өндірістік қуаттарды бөлудің өз ерекшеліктері болды. Мысалы, Қазақстанға шикізат жеткізушінің рөлі берілді. Беларусь жекелеген өндірістерді дамытты. Ресейде осы екеуі де болды. Қазір Ресей мен Қазақстанды салыстыратын болсақ, Ресейдің экономикасы Қазақстандікінен әлдеқайда артық әрі ол көп салалы. Қазақстан көмір экспорттап, металл шығаратын зауыттар үшін мыс жеткізеді. Бірақ, ең маңыздысы осыларды Қазақстанда өңдеу.

Еуразиялық одақ құрылған жылдар ішінде 6 мыңнан аса бірлескен кәсіпорын құрылған. Жүзеге асыруға ұсынылған ұсыныстардың көлемі 25 млрд. долларға жетті. Бұл жерде, мұнай, газ және шикізат саласын алып тастасақ, машина құрастыру, қайта өңдеу, шағын және орта бизнес салаларын дамытуға 6-7 млрд. доллар қалады.

Кеңес Одағы ыдыраған кезде ортақ кеңістік сақталып, азаматтарымыздың жүріп-тұруы еркін болады деп үміттендік. Бірақ, біз ойлағандай болмады. Одақ ыдыраған соң, егемендік алған елдер тәуелсіздігін нығайтуға, әркім өз идеясын жүзеге асыруға кірісті. Яғни, әркім өз жолымен кетті. Сондықтан, бейбіт жолмен тарқасу үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды.

Қазақстан Президентінің айтуынша,  ТМД сол кезде өзіне атқарылған рөлді орындап шықты.

Айтып өткенімдей, біріншіден, ТМД бейбіт тарқасу үшін керек болды. Екіншіден, одақ ыдыраған кезде, президенттердің кездесуін талап ететін жағдайлар көп еді. ТМД - президенттердің кездесуі мен пікір алмасу алаңы болды. Үшіншіден, өзі бір елде тұрып жатса да баласы екінші елде білім алып жүрген адамдардың араласуына кедергілер кездесе бастады. Міне, осындай мәселелерді шешуде ТМД өз рөлін атқарып шықты.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихына тоқтала отырып: «ТМД атқаратын міндеттер қанағаттандырмағандықтан, біз ынтымақтастық пен ықпалдастық жан-жақты жедел жүреді деп шештік. Осыдан барып, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық пайда болды, артынша Еуразиялық экономикалық одақ пайда болды. Бірақ, бұған қарамастан, менің ойымша ТМД «өмір сүруін» тоқтатпауы керек.

-Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізбен бірнеше  мәрте кездесу мәртебесіне ие болдым. Біз бірқатар реформалар, жаңа идеялар жайында жиі естиміз. «100 қадамның қаншасы орындалды, қаншасын орындау қалды?

 «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» орындау аясында 2016 жылдың басынан бері елімізде топпен қызмет ауыстыру фактілері он есеге азайған.Былтыр Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтті. Сайлауда халықтың 98 пайызы маған дауыс берді. Міне, сол кезде менің сайлауалды тұғырнамам «Бес инстиуттық реформа» болды. Қазір сол реформаны жүзеге асыратын уақыт жетті. Бұған дейін біз ресурс жинап, қоғамды дайындадық.

Реформаның біріншісі - мемлекеттік қызметтегі реформа. Екіншісі, заңның үстемдігі. Үшіншісі - экономика, шағын және орта бизнесті қолдау. Төртіншісі - халық бірлігі. Бесінші - ашық әрі есеп беретін үкімет. Бұл былтыр жария етілген реформа. Былтыр біз жыл бойы осы реформалардың заңнамалық базасын қамтумен жұмыс істедік. Еліміздің Парламенті мен Үкіметі белсенді жұмыс істеп, 59 заңды қабылдады. Міне, осы жылдың басынан бері, төрт ай бойы реформаларды жүзеге асырып келеміз. Осы уақыт ішінде 100 қадамның 25 қадамы орындалып, іске қосылды.

Мемлекеттік қызметті жетілдіру пункті бойынша айтар болсам, енді ешкім де жоғары лауазымға бір аттап қол жеткізе алмайды. Кез келген мемлекеттік қызметкер саты-сатысымен өсіп, жоғары лауазымға лайықтылар ғана қол жеткізеді. Яғни, алдымен тест тапсырады, емтихан тапсырады, практикадан өтеді, оқиды. Және де бұрынғыдай, шенеунік артынан өз тобын ертіп келе алмайды. Бірінші тоқсанның өзінде осындай жағдай он есеге азайған.

Биыл біз полигонның жабылуының 25 жылдығын атап өтпекпіз. Осы ретте барша адамзат үшін өте үлкен қатерге әлемдік қоғамдастықтың назарын тағы да аудару тұрғысында ғалымдарды, ядролық қару мамандарын, саясаткерлерді шақырамыз. Әлемдегі 15 мың ядролық оқтұмсықтар барша ғаламшарды бірнеше рет жоюға қауқарлы. Осы жайында ешкім ойланып отырған жоқ. Біз экологиялық апаттар, температураның жылынуы және басқа да мәселелерді көтеріп келеміз. Ядролық қатер тұрғанда, осының барлығы бір сәтте жойылып кетеді. Менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе және осы бағытта баршамыз жұмыс істеуіміз керек.

Елбасы қазіргі заманғы әлемде сын-қатерлердің алдын алу бағытында Қазақстан тарапы тиісті бастамаларды көтеруде моральдық тұрғыда құқылы екенін, яғни еліміз Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын, сондай-ақ ядролық зымырандық арсеналдан бас тарту туралы маңызды шешім қабылдағанын еске салып өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан жерінде Бельгияның аумағымен бірдей аудан сынақ нәтижесінде зардап шеккенін атап өтті.

Қазір қарап отырсақ, ұлы державалар арасында өзара сенім төмендеді. Сонымен қатар ядролық державалар арасында да сенім азайды. Бүгінде әлемде 15 мың ядролық оқтұмсық бар.

-Барлығы жоспарлағандай өтсін.Сіздің проблемаларды шешу көкжиегі Қазақстан шекарасынан әлдеқайда асып кететіндей. Мен Вашингтонда айтылған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін зерттедім. Бұл өте терең және ауқымды құжат. Әлемдегі қысымды түсіру үшін алдымен не істеу қажет?

Бүгінде Астана халықаралық мәселелерді көтеретін маңызды алаң ретінде мойындалғанына тоқталған Елбасы, осында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері, ЕҚЫҰ Саммиті өткенін еске салып өтті. Сонымен қатар әлемнің 160 елі Қазақстан елордасында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге таңдау жасағанын атап өтті.

Сенім әлсіреген кезде түрлі-түсті революциялар жүреді, құлдыраған мемлекеттерде лаңкестіктің ошағы пайда болады. Бұл кейінен өзге өңірлерге таралады.Атап айтқанда, өткен жылы барша әлемде қарулануға 1 трлн. 700 млрд. доллар жұмсалған көрінеді. Бұл тұрғыда өсім 1 пайызды құраған екен. Сонымен қатар былтыр қақтығыс салдарынан 167 мың адам көз жұмған.

Осының барлығы алаңдатпай қоймайды. Сондықтан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде елдер арасындағы өзара сенімді жоғарылату үшін біздің атқаруымыз тиіс нақты алгоритм мен қадамдар қамтылған.

- Қорытындылай келе Астана сіздің бастамаңызбен тұрғызылған қала. Ол әлемдік көшбасшылар мен әлемдік институттар сіз айтқан мәселелерді талқылау үшін  кездесе алатын халықаралық алаңға айналуға әбден лайық.

Астана – посткеңестік елдер  ішінде халықаралық модератор атағына ие болған алғашқы елорда. Бұл қалада әлемдік дәстүрлі діндердің съезі 10 жылдық үзілістен кейін өткізілді,  ЕЫҚҰ саммиті өтті. Оған қоса, 160 ел Астананы ЭКСПО-2017 өткізу орны ретінде таңдады. Бұл орайда біз модератор болуға дайынбыз.

Осы жылы Семей полигонының жабылуының 25 жылдығы өтеді. Осыған орай ғалымдар, саясаткерлер шақырылады.

Әлемдегі 15 мың ядролық көз бірнеше мәрте жерді жойып жібере алады. Ол туралы ешкім ойланған емес. Біз экологиялық катастрофа туралы айтқан болатынбыз. Еру мен су басусыз да жерді жойып жіберуге болады. Сондықтан, меніңше, бұл бәрін алаңдататын маңызды мәселе болуы тиіс.

- Сізге көп рахмет. Сіз жоспарлаған 100 нақты қадам сәтті жүзеге асып, ЭКСПО-2017, Универсиада-2017 шаралары ойдағыдай іске асуына тілектеспін!


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды