- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы жүзеге асуы тиіс ұсыныстардың портфелі 25 млрд. долларды құрайды
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы жүзеге асуы тиіс ұсыныстардың портфелі 25 млрд. долларды құрайды
Кеңес одағында өндірістік қуаттарды бөлудің өз ерекшеліктері болды. Мысалы, Қазақстанға шикізат жеткізушінің рөлі берілді. Беларусь жекелеген өндірістерді дамытты. Ресейде осы екеуі де болды. Қазір Ресей мен Қазақстанды салыстыратын болсақ, Ресейдің экономикасы Қазақстандікінен әлдеқайда артық әрі ол көп салалы. Қазақстан көмір экспорттап, металл шығаратын зауыттар үшін мыс жеткізеді. Бірақ, ең маңыздысы осыларды Қазақстанда өңдеу.
Еуразиялық одақ құрылған жылдар ішінде 6 мыңнан аса бірлескен кәсіпорын құрылған. Жүзеге асыруға ұсынылған ұсыныстардың көлемі 25 млрд. долларға жетті. Бұл жерде, мұнай, газ және шикізат саласын алып тастасақ, машина құрастыру, қайта өңдеу, шағын және орта бизнес салаларын дамытуға 6-7 млрд. доллар қалады.
Кеңес Одағы ыдыраған кезде ортақ кеңістік сақталып, азаматтарымыздың жүріп-тұруы еркін болады деп үміттендік. Бірақ, біз ойлағандай болмады. Одақ ыдыраған соң, егемендік алған елдер тәуелсіздігін нығайтуға, әркім өз идеясын жүзеге асыруға кірісті. Яғни, әркім өз жолымен кетті. Сондықтан, бейбіт жолмен тарқасу үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды.
Қазақстан Президентінің айтуынша, ТМД сол кезде өзіне атқарылған рөлді орындап шықты.
«Айтып өткенімдей, біріншіден, ТМД бейбіт тарқасу үшін керек болды. Екіншіден, одақ ыдыраған кезде, президенттердің кездесуін талап ететін жағдайлар көп еді. ТМД - президенттердің кездесуі мен пікір алмасу алаңы болды. Үшіншіден, өзі бір елде тұрып жатса да баласы екінші елде білім алып жүрген адамдардың араласуына кедергілер кездесе бастады. Міне, осындай мәселелерді шешуде ТМД өз рөлін атқарып шықты», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы