Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ң 15 жылдығына арналған концертте болды

23 Маусым, 2016 20:19
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шаңхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына арналған салтанатты концертке болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен концертке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ байқаушы елдердің көшбасшылары қатысты.

Мемлекеттер басшыларының назарына ұсынылған бағдарламада Өзбекстан өнер шеберлерінің орындауындағы музыкалық композициялар қамтылды.

Барлық жаңалықтар