- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ШЫҰ – бұл кеңістік қауіпсіздігі, экономика мен гуманитарлық ынтымақтастық
Н.Назарбаев: ШЫҰ – бұл кеңістік қауіпсіздігі, экономика мен гуманитарлық ынтымақтастық
«Шаңхай ынтымақтастық ұйымы еуразиялық кеңістікте өте маңызды ұйым. Онда бірнеше жүзеге асыру пункттері бар. Бірінші – осы кеңістіктегі қауіпсіздік, екінші – экономика, үшінші – гуманитарлық ынтымақтастық. Сонымен қатар әрине, логистика экономикаға біздің елдер арқылы қатысады»,-деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Уфада елдердің көшбасшылармен кездескен кезде терроризммен күрес бойынша ортақ копорация құру туралы келісілгенін еске салды.
«Мен Еуразиялық эконосмикалық одақпен және ШЫҰ-мен еркін сауда құруды ұсындым. Бастама қаралып жатыр және ресейлік тарап қолдауда. Қазір маңызды кезең Ташкентте біз жаңа мүшелер Индия мен Пәкістанды қабылдаймыз және Иранның қосылу талаптары қарастырылады»,-деді Н.Назарбаев.
Президент бұл елдердің мүшелікке енуі – бұл «уақыт талабына жауап», деп атап өтті.
«Егер Америка мен тынық мұхиты еркін сауда аймағын құрса, егер трансатлантикалық ынтымақтастық орнаса, онда ортада біз қаламыз. Бұл жерде үшінші экономикалық қоғам пайда болады, үшінші бірлестік. Біз Ташкентте алдағы уақытта дамуымыздың мәселелерін талқылайтын боламыз. Транспорт пен логистика өте маңызды»,-деді Н.Назарбаев.
Осыған байланысты Президент «Ұлы Жібек жолы» бастамасын атап өтті.
«Бұл өте маңызды бастама, мұның жанынан қаржылық база, қор, банк құрылған. Және біздің «Нұрлы жол» инфроқұрылымдық бағдарламамыз шектесіп отыр. Барлық империялар өздерінің көліктік магистральдарын игергеннен кейін ұлы империяға айналды. Біз үшін ол 21 ғасырда да маңызды. Біз Қытайдан Каспи теңізіне дейін автомобиль және темір жол салып, Иран арқылы Парсы шығанағына шықтық және біз арқылы Ресей мен Еуропаға шығуға болады. Яғни, байсалды бірлестік болып шықты. Біздің міндетіміз ШЫҰ-н аморфты, қағазды, бюрократтық ұйымға айналдырмау. Мен Еуразиялық одақ жайында айтқанда осындай жағдайға жеткізбеу жөнінде алаңдаймын»,-деді Қазақстан Президенті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері