• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісмен жалпыға ортақ декларацияны енгізуді 2022 жылға дейін шегеруді ұсынды

Мәжілісмен жалпыға ортақ декларацияны енгізуді 2022 жылға дейін шегеруді ұсынды

23 Маусым, 2016 17:43
Депутат Нұртай Сәбильянов жалпыға ортақ декларацияны енгізуді 2022 жылға дейін шегеруді ұсынды. Бұл ұсынысын ол интернетпен толық қамтылмағанды негізге алып отыр.

«Декларацияны тапсыру формасына келетін болсақ, тапсырудың 3 түрі бар. Сондай-ақ, декларацияны электрондық тапсыру қарастырылып отыр. Бірақ, біздің кейбір жергілікті пункттерде интернет байланысы қарастырылмаған. Осыған орай,  пошталық  ұйым қызметкерлері ауылдарда ірі жұмыстарды жүргізіп жатыр ма?», - деді мәжілісмен депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, физикалық тұлғалар декларацияны тапсырудың келу деңгейін таңдап алса, олар салық қызметіне келулері керек. Н.Сабильянов атап өткендей, бірыңғай базаның жұмыс істеуі салық қызметіне ауысады.

«Сондықтан ққазір бірінші кезеңнің уақытын артқа жылжытқан дұрыс», - деді ол.

Барлық жаңалықтар