- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Дулатов: Ауылдарда пайыздық ставкасымен 7%-дан аспайтын шағын несие сомасы 15 млн. теңгені құрайды
Ж.Дулатов: Ауылдарда пайыздық ставкасымен 7%-дан аспайтын шағын несие сомасы 15 млн. теңгені құрайды
Бізде несие алу үшін қойылатын талаптар келесідей: бірінші кезекте аталмыш несиені елді мекендерде, шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлер ала алады. Қала тұрғындары мен басқа да кәсіпкерлер бұл несиені ала алмайды. Сондай-ақ, біз несиені тұтыну мақсатына, сауда қызметіне бермейміз. Тек, қайта өңдеу, қызмет көрсету сияқты салалар бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері несие алуға құқықтары болады»,-деді сарапшы.
Ж.Дулатов ең жоғарғы несие сомасы 15 млн теңгені құрайтынын атап өтті.
«Түрлі аймақтарда пайыздық ставкасы әртүрлі. Егер біз қаржылай қолдау қорлары сияқты қаржы институттары арқылы жұмыс істейтін болсақ, онда аймақтық шағын қаржы ұйымдарына пайыздық ставка бізде 7%. Егер өзіміз құрған шағын қаржы ұйымдары болса аймақтарда оларға 4%. Сондықтар әр аймақта пайыздық ставка әртүрлі болады»,-деп түсіндірді ол.
Бұдан бөлек, маманның айтуынша, бағдарлама тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерге ғана емес, бизнесін енді бастайтындарға да арналған.
«Басым көпшілігі аталмыш бағдарламаны жас кәсіпкерлер, ауылда бизнес жасайтын әйелдер, несиені сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысқысы келген мүмкіндігі шектеулі адамдарда ала алады. Бұл әлеуметтік жоба халықтың қаржыға қолдары жетпей жүрген, ешқандай жерден: банктен және қаржы институттарынан несие ала алмайтын топтарын қолдауға бағытталған»,-деді Ж.Дулатов.
Индира Кауметова
Видео Азамат Әлиев
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай