- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдан бастап 1,8 миллионға жуық адам кіріс декларациясын тапсыруды бастайды – ҚР Қаржы министрлігі
2017 жылдан бастап 1,8 миллионға жуық адам кіріс декларациясын тапсыруды бастайды – ҚР Қаржы министрлігі
«Декларацияны барлық азамат тапсыратын болады. Кәмелеттік жасқа толған азаматтардан бастап, оралмандар, тұрақты мекені бар тұлғалардың бәрі тапсыратын болады. Өз кезегінде кәмелеттік жасқа толмағандар мен шетелдік азаматтар қазақстандық қаржы көзінен кіріс кіргізетін болса немесе қолында мүлкі бар болған жағдайда декларациялауға қатыстырылады. Жалпы барлығын декларациялау кезеңмен жүреді. 2017 және 2020 жылдары міндетке кіретін тұлғалардың барлығы тапсырады»,-деді А.Теңгебаев.
Ведомствоның мәліметі бойынша, бірінші кезеңде – 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы Заңға сәйкес келетін тұлғалар мен олардың әйелдері декларация тапсыра бастайды. Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар, Ұлттық банк қызметкерлері, ұлттық басқарушы холдингтар мен ұлттық компания жұмыскерлері, мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме қызметкерлері бар.
«2020 жылдың 1 қаңтарынан екінші кезең басталады. Онда елдегі халықтың қалғаны тапсырады. Ал, бірінші кезеңде 1,8 миллионға жуық адам кіріс декларациясын тапсыруды бастайды. Екінші кезеңде оған 11 млн. адам қосылады»,-деді А.Теңгебаев.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды