- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ашық есік күндерінің онкүндігі өтеді
Астана күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ашық есік күндерінің онкүндігі өтеді
Бейсембай Жұмабеков онкүндіктің мақсаттары мен міндеттеріне, бағдарламасына тоқталды: «Жақын арада еліміз үшін елеулі мейрам Астана күні тойланады. Биыл елордамыз 18 жасқа толады. Адам өмірімен салыстырсақ, бұл – кәмелеттік жас. Оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі аса маңызды». Оның айтуынша, елорданың туған күніне орай Кітапхана қызметкерлері мерекелік шаралар кешенін дайындаған.
Бағдарламада 5 көрме қарастырылған. Фотодеректі мұрағат көрмелерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі арқау етіледі. «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» көрмесінің авторлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі көрегенді және жасампаз өзгерістердің бастамашысы, жетекшісі және қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи құжаттарды ұсынады.
«Естелікке қолтаңба» көрмесі шетел мемлекеттері басшыларының, танымал тұлғалардың Елбасының атына сыйға ұсынған суреттермен ерекшеленеді. Экспозицияда бірегей 40 фото құжат қамтылған.
Қалған 3 көрме Астана тақырыбын арқау етеді. «Астананың болашағы – балалардың көзімен» тақырыбындағы көрмеде еліміздің және елордамыздың, ұлттық мәдениеттің даму тарихына арналған балғындардың суреттері паш етіледі. Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Аманжол Мусалимов және Әлішер Беспалинов жас дарындар үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.
««Абыройы асқақтаған Астана» кітап көрмесінде елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін 50 туынды ұсынылады. Топтама қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптардан құралған», - деді Бейсембай Жұмабеков.
Онкүндік барысында бұқаралық мәдени-спорттық шаралар жоспарланған: суретшілердің, фотографтардың, шахматистердің шеберлік сыныптары, әдеби және музыкалық кездесулер.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді