- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрі әскери білімді жетілдіру жөнінде кеңес өткізді (ФОТО)
Қорғаныс министрі әскери білімді жетілдіру жөнінде кеңес өткізді (ФОТО)
Кеңес барысында оқу жылын қорытындылап қана қоймай, жаңа оқу жылының бағыттарын анықтады, сондай-ақ әскери білім реформаларының негізгі ережелеріне жеке тоқталып өтті.
«Әскери білім – жалпы білім ретінде – тұтас ел үшін, оның қарулы күштері мен әскери қызметшілері үшін жаңа бәсекелестік алаңы. Бүгінде ол тек білікті қызмет үшін ғана емес, берік болып күшею үшін қажет. Жылдамдық пен қарқындылық – бұл ХХІ ғасырдағы зияткерлік революциясының ерекшелігі», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
«Білім беру туралы» ҚР Заңының әскери білім ерекшеліктеріне қатысты бөліміне айтарлықтай өзгерістер енгізілді. 2016 оқу жылында жоғары әскери оқу орындары әскери білімнің ерекшеліктерін ескере отырып кредиттік технология бойынша оқыту жүйесіне өтеді. Осының арқасында академиялық ұтқырлық мәселесі шешіліп, курсанттар Назарбаев университеті, ҚБТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа да жетекші азаматтық жоғары оқу орындарының арнайы пәндерін (кибер кеңістікпен байланысты техникалық және басқа) зерделейді. Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап білімді бағалау балдық көрсеткіш жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл сыбайлас жемқорлықтың орын алуын азайтып, білім алатындардың өз жетістіктеріне сәйкес жеке көрсеткішін құруына мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, әскери мамандықтарды топтастыру қаралды – жаңаша топтастыруда әскери мамандықтар ауқымы кеңейді. Бұл әскери қызметшілерге запасқа шыққанда азаматтық ортада өзінің кәсіби ерекшеліктерін қолданатын орындар табуына ықпал етеді. Сонымен қатар топтастыру барысында киберқауіпсіздік ауқымында қазіргі кезде талап етілетін мамандықтар қаралды.
Биылғы жылы 10 әскери кафедра ашылады. Әскери кафедралар желісінің артуы қажетті жұмылдыру ресурстар санын қалыптастыруға және әскери-патриоттық тәрбиеге жастарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
Ақтөбеде ашылған әскери-медициналық факультет іс жүзінде қолдану сатысына жақын екенін айта кеткен жөн.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды