- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Жер кодексін түсіндіру жөніндегі мәселелердің 80% ел азаматтарына 10 сотық жер беруге арналған
АШМ: Жер кодексін түсіндіру жөніндегі мәселелердің 80% ел азаматтарына 10 сотық жер беруге арналған
«Біз бүгін шешім қабылдаймыз, заң өз күшіне енеді. Министрлік одан кейін қай бағытта жұмыс істейді. 1990 жылдан бастап 6 рет Жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Комиссия жұмысына қатысатындықтан, бір біріне қарама-қарсы ұсыныстар кездесіп жатады. Сіздің ведомство қай бағыт бойынша жұмыс істейді», - деді Ауыл шаруашылығының вице-министрі Бірғаным Әйтімова.
Айта кетсек, өткен аптада бұл заң жобасы Мәжiлiсте мақұлданған болатын. Оны талқылау барысында депутаттар бiрқатар ұсыныстар айтқан. Бiрақ қоғамда қызу талқыға түскен бұл түйiндi мәселенi ойластыра келе, Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылданыпты
«Сондай-ақ, Президенттiң тапсырмасы бойынша Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Бүгiнгi күнге дейiн комиссияның Астанада үш, Ақмола мен Алматы облыстарында көшпелi екi отырысы өттi. Қазiргi уақытта арнайы құрылған Call- орталық пен «Jerturaly.kz» сайтына азаматтардан көптеген сұрақтар мен пiкiрлер келiп түсiп жаты», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев.
Естерiңiзге сала кетсек, Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған едi. Нұрсұлтан Назарбаев кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырды.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер