- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов халықты сібір жарасының таралуынан қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды
К.Мәсімов халықты сібір жарасының таралуынан қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды
Премьер-Министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин кезекті баяндамасында «соңғы тәулікте ауыл халқының арасында ешбір адамның жұқтыру жағдайы болмағанын» хабарлады.
Сонымен қатар арнайы штаб жұмыс істеп жатыр, ауылда карантин жарияланған. «Аталмыш аулдан мал мен басқа да өнімдер шығаруға тыйм салынды. Жағдай бақылауда, барлық жеке үй-жайлар мен байланыстар айқындалды. Химиопрофилактика мен антибиотикотерапия жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады ҚР Бас санитар дәрігері.
Баяндама қортындысы бойынша К.Мәсімов Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігіне жергілікті органдармен бірлесіп инфекцияның халыққа таралып кетпеуі үшін белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.
«Біріншіден, одан әрі таралып кетпеуі үшін адамдардың сенімді қоғанысын қамтамасыз ету керек. Екінші міндет – елімізде мұндай жағдайлар орын алмауы үшін бізге кешенді іс-шара керек. Осы мәселені үнемі бақылауда ұсауды жеке-жеке тапсырамын»,-деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы келесі аптада Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, жағдаймен сол жерде танысатынын атап өтті. Аталмыш мәселе бойынша жеке жиналыс өтетін болады.
Еске сала кетейік, осы жылдың 19-ші және 22-ші маусымы аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында 9 адам сиярдан сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен госпитализацияланғаен болатын. Олардың екеуі қайтыс болды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек