- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Парламенті Жер кодексiнiң кейбір нормаларының қолданысын 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн тоқтату туралы заң жобасын қабылдады
ҚР Парламенті Жер кодексiнiң кейбір нормаларының қолданысын 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн тоқтату туралы заң жобасын қабылдады
«Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Републикасы заңының қолданысқа енгiзiлуiн тоқтата тұру туралы» заң жобасы жер заңнамасының кейбiр нормаларын қолдануға мораторий енгiзу туралы Президенттiң 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығын орындау үшiн әзiрлендi. Аталған заң жобасы биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейiн бiрқатар нормалардың қолданысқа енгiзiлуiн тоқтатады.
«Атап айтқанда, шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың үлесi 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге уақытша жер пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы жерiне жеке меншiк құқығын беруге байланысты нормалар уақытша қолданыстан алынады», - деп баяндады ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев.
Депутаттар заң жобасын екi оқылымда қарап, оны қабылдады.
Айта кетсек, өткен аптада бұл заң жобасы Мәжiлiсте мақұлданған болатын. Оны талқылау барысында депутаттар бiрқатар ұсыныстар айтқан. Бiрақ қоғамда қызу талқыға түскен бұл түйiндi мәселенi ойластыра келе, Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылданыпты.
Естерiңiзге сала кетсек, Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған едi. Нұрсұлтан Назарбаев кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырды.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру