- Басты
- Жаңалықтар
- Заң үстемдігін қамтамасыз ету – сот реформасының басты міндеті
Заң үстемдігін қамтамасыз ету – сот реформасының басты міндеті
Барлық сот процестеріне дыбыстық және бейне жазбаларды енгізу
«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада барлық сот отырыстарында аудио және бейне жазбалар енгізілді. Аппаратура бүгінгі таңда қаланың барлық сот залдарына орналастырылды. Судья оны өшіре де алмайды және жазбаны тоқтада алмайды. Камералар автоматты түрде қосылады. Егер қандай да бір себептермен судья немесе хатшы жазбаны өшіретін болса – онда жауапқа тартылады»,-деді Астана қаласының судьЯсы Сайран Әлімбаева.
Судья атап өткендей, сот отырысы аяқталғаннан кейін залда қызметтік тексеріс жүргізіледі. Егер судья тарапынан заң бұзушылық болса, жауапқа тартылады.
«Заң бұзушылық болса облыстық төралқа немесе соған теңестірілген деңгейдегі сот төрағасына қарауға кіргізіледі. Одан кейін аталмыш заң бұзушылыққа байланысты шешім шығарылып, судья жауапқа тартылады»,-деп хабарлады С.Әлімбаева.
Бессатылыдан үш деңгейлі әділсот жүйесіне көшу
«Үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Аралық сатылардың көп болуы сот процестерін қасақана ұзартуға және сот шешімін сөзбұйдаға салып, адамдарды әуре-сарсаңға түсіреді. Және сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығатындықтан бірінші инстанцияда қаралып, шығарылған сот шешіміне күдік болмауға тиіс. Бұл соттың беделіне нұқсан. Істің бір сотта орналасқан апелляциялық және кассациялық сатыда қаралуы сот процесінің уақытын ұзартып, бірнеше жыл адамдарды әуреге салады, тараптар соттың шешімін тосып-ақ шаршайды, бұл өз кезегінде тараптардың сот төрелігіне деген сенімін азайтады. Сондықтан келесі 2016 жылдан бастап үш сатылы сот жүйесі енгізіледі»,-деді Астана қаласының судьясы Гүлнәр Әбдіғалива.
Астана қаласының соттарында осы жылдың 5 айында 19 628 іс аяқталған. Олардың 5 356-сы бұйрықтық өндіріс қатарында, жеңілдетілген өндіріс қатарында 3700 іс болды.
Былайша айтқанда, істің 46%-н судьялар қысқа мерзімде аяқтады. Салымтырмалы түрде аталмыш көрсеткіш 25% құрайды, деп қосты судья.
Қаталдандырылған квалификациялық талаптар мен механизмдер үміткерлерін іріктеу
«Қабылданған өзгеріспен қаталдандырылған квалификациялық талаптар мен механизмдерге судья лауазымын үміткерлерді іріктеу болды. Қаралып отырған процедураға судьяларды тағайындау талабы күшейтіліп, олардың жас ерекшеліктеріне де мән берілді. Айталық, 25 тен 30 жасқа дейін және олардың еңбек өтілдері 2 ден 5 жылға дейін болуы шарт. Осы мақсатта тәжірибелі болуы үшін тағлымдаманың да уақыты ұзартылды»,-деді Астана қаласының судьясы Гүлнәр Әбдіғалиева.
Инвестициялық даулар бойынша сот өндірісін жеке құру
«Ұлт жоспарын жүзеге асыруда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Азаматтық-процессуалдық және Кәсіпкерлік кодексте өзара үйлесімділік болды. Осыған байланысты Астана қаласының сотында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған құрам жасақталды. Сонымен қатар, соттардың есеп беру міндеттілігі күшейтілді. Осы үшін ҚР Жоғарғы Сотында судьялардың жаңа Этикалық кодексін дайындау ұсынылды»,-деді Г.Әбдіғалиева.
Осылайша, біз сот жүйесінің реформалау арқылы ақырындап даму сатысына көтеріліп бара жатқанын аңғарамыз. Заң үстемдігінің ең басты міндеті ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау емес пе.
Ботагөз Айтжанова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары