- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімге Арменияның қосылуын мақұлдады
Сенат ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы келісімге Арменияның қосылуын мақұлдады
Жоғарыда аталған келісімдерге 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысында қол қойылған болатын. ҚР Президенті 2015 жылдың қазан айында аталған құжаттарды ратификациялау туралы ҚР Заңдарына қол қойды. Келісімдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде (әрі қарай - ЕАЭО) тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сай келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасының менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес болатын медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді.
«Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕАЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады», - деді ведомство басшысы.
Келісімдерге Армения мемлекетінің қосылуы туралы хаттама ҚР Президентінің 2015 жылғы 27 қарашасындағы Қаулыларымен мақұлданды.
«Хаттамаларды ратификациялау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол ЕАЭО мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру шараларын қабылдау арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО мүше-мемлекеттері халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді», - деді министр.
Аталған хаттамаларды ратификациялау Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығында лайықты орын алып, отандық фармацевтикалық өнімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады