- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда (БЕЙНЕ)
Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда (БЕЙНЕ)
«Биыл «Атамекен» ҰКП шағын несиелендіру бойынша жаңа жобаны іске қосты, оның негізгі мақсаты ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. ҰКП екі жыл жұмысының ішінде ауылдық жерде ауқымды проблемалар байқалған болатын. Негізгі проблема қаржыландыру саласына байланысты болған, себебі екінші дәрежелі банктер несие бермейді. Ауылдағы шағын бизнесті қаржыландырмайды. Қаржыландырған күннің өзінде пайыздық көрсеткіш 20-25 пайыз, оны кез келген тұрғын ала алмайды», - деді ол.
Директордың айтуынша, қазіргі кезде жұмыс істейтін бағдарламалар, мәселен ЖҚЖ-2020 жұмыссыз адамдарға бағытталған. Кәсіпкерлер несие ала алмайды, минималды несие қүны 3 млн теңгені құрап отыр.
«Бірегей институт – «ҚазАгро» еншілес компаниясы, оны қолдау қоры қамтамасыз етіп отыр. Оларға арыздар көп түсуде, себебі жиналатын құжаттар саны өте көп. 5 бетке қандай құжат керек екендігінің тізімі ғана жазылған», - деді ол.
Сарапшы айтып өткендей, бірінші кезекте инвесторлардан қаржы тартылады.
«Инвесторлар Қазақстанның жеке кәсіпкерлері ретінде ұсыныс жасайды. Біз Маңғыстау облысында шағынқаржылық ұйымды құрдық, онда 300 млн теңгені ҰКП-ға салуды жергілікті бюджеттен аламыз. Біз 1 теңге инвестициялап, тағы 1 теңгені тартамыз. Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда. Олар: Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы және Қызылорда, Жамбыл облыстары», - деді ол.
Индира Кауметова
Видео Азамат Әлиев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері