- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сұлтанов: Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес —қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту дың негізгі құрамы
Е.Сұлтанов: Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес —қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту дың негізгі құрамы
Онда бiлiм беру саласы нысандарындағы өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары, қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерiнде өндiрiстi дамыту мен Петропавл қаласы және Мамлют ауданындағы жергiлiктi атқару органдарының құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жүргiзетiн iс-шаралар тiзiмi талқыланды.
«Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес — қысқа мерзiмдi науқан емес, қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту жұмысындағы негiзгi құрамдас бөлiк екенiн түсiну қажет», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Төтенше жағдайлар департаментiнiң басшысы Әсет Смағұлов және бiлiм беру басқармасының басшысы Шолпан Каринова бiлiм беру мекемелерiндегi өртке қарсы қауiпсiздiк жағдайы туралы баяндады. Ол алдын ала мәлiметтер бойынша, ағымдағы жылы өртке қарсы шараларға 125 млн астам теңге бөлiнгендiгiн жеткiздi.
«СҚО төтенше жағдайлар департаментiнiң тексерiсiнiң қорытындысы бойынша бiрқатар мектептерде өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары мен ережелерi толық сақталмаған. Бiлiм беру бөлiмдерi аталған құқық бұзушылықты жою жұмыстарын жүргiзуде», — дедi Шолпан Танатқызы.
Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласының және аудан әкiмдерiне барлық ескертпелердi жоюды тапсырды.
«Барлық нұсқамалармен танысып, оқу жылы басталғанға дейiн барлық құқық бұзушылықтарды жойыңдар. Оған уақыт жеткiлiктi», — дедi облыс әкiмi.
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде өндiрiстiң дамуы туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов баяндады.
Ол негiзгi жұмыс әзiрленген Жол картасы шеңберiнде жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi. 2016 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бұл жұмыстар 298 жаңа жұмыс орынын құрайтын 20 жобаны құрайды. Олардың кейбiрi жұмысын бастап кеттi.
Түзету мекемелерiнде бас бостандығынан айырылғандардың 492-i (еңбекке қабiлеттiлердiң 51,3%-ы) жұмысқа орналасқан. Олардың 213-iн кәсiпкерлер қызметке тартқан», — дедi Евгений Сергеевич.
Баяндаманы талқылау барысында пенитенциарлық мекемелерде өндiрiстi дамытудың өзектi мәселелерi талқыланды.
Петропавл қаласының әкiмiнiң орынбасары Елена Балло мен Мамлют ауданы әкiмiнiң қызметiн атқарушы Рустам Ғаббасов құқық бұзушылықты алдын алуда қолданылатын щаралар мен жергiлiктi комиссияның алдын алу шараларын жүргiзуi жөнiнде баяндады.
Ерiк Сұлтанов қоғамдық жұмыстардың тиiстi деңгейде ұйымдастырылмайтынын айта отырып, бұл бағытта жүргiзiлетiн жұмыстарды күшейтудi тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты