- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ҚР мен Ауғанстан арасындағы азаматтық қорғаныс бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс ҚР мен Ауғанстан арасындағы азаматтық қорғаныс бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
Келісім азаматтық қорғаныс саласында тараптардың өзара іс-қимылын, техногендік және табиғи тәуекелдерді ескертуді, төтенше жағдайда құтқаруды, ерікті түрде және өзара көмек ретінде азаматтық қорғаныс мамандарын оқыту, апатты жағдайда, кедейшілік пен қирау кезінде, төтенше жағдай туындағанда көмек көрсету сияқты дүниелерді айқындайды.
«Келісімді ратификациялау төтенше жағдайларды мониторингілеу мен болжау саласында тәжірибе алмасуға, қатерлер кезінде халықты іс-қимылдарға даярлауға, азаматтық қорғаныс саласында мамандарды оқытуға, тұрақты негізде халықты қорғау тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен тақырыптық конференцияларды, семинарларды, оқу-жаттығуларды өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараптар аумағында ТЖ-ны жою кезінде қысқа мерзімде көмек ұсыну қамтылған»,-деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
«Заң жобасы теріс салдарға әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар оны қабылдау тараптардың аумағында табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға ықпал етеді», -деді министр.
Келісімде тараптардың ынтымақтастығын жүзеге асыру нысандары көзделген, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсету тәртібі айқындалған.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды