- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық бастамаларды іске асыру үшін парламентаралық қатынастарды қолдану керек – М.Әшімбаев
Қазақстандық бастамаларды іске асыру үшін парламентаралық қатынастарды қолдану керек – М.Әшімбаев
«Парламенттік дипломатия сыртқы саясатты іске асыруда маңызды құрал болып табылады. Парламент түрлі шешімдерді қабылдауда үлкен рөлге ие. Сол себепті парламентаралық қатынастар ресурсын қолдану қазақстандық бастамаларды іске асыруда таптырмас әдіс. Бүгінде Мәжілісте бірқатар елдердің әріптестігімен тобымен белсенді байланыс құрдық. Биыл көптеген халықаралық кездесулер, пікірталастар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырдық», - дейді М.Әшімбаев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Парламент Мәжілісі тарапынан 143 халықаралық шара өткізген. Ал депутаттар 14 халықаралық ұйымдардың жұмыстарына белсенді ат салысады. Солардың қатарында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚКҰ, ЕурАзЭК Парламентаралық Ассамблеясы, Парламентаралық кеңес, ЕЫҚҰ Парламенттік Ассамблеясы және т.б.
«Біздің бтыл парламенттік дипломатияны дамытуға белсенді қатысқан және Сыртқы істер министрлігімен тізе қосып атқарған жұмыстарымыздың бағыттарын шығарсақ, соның ең бастысы ретінде Ауғанстан мәселесін айтар едік. Биылғы жылдың көктемінде біздің делегаттар Ауғанстанға сапар жасады. Парламент пен мемлекеттік органдар қабырғасында аталмыш мәселе төңірегінде көптеген шаралар ұйымдастырдық. Онда 2014 жылдан кейін Ауғанстанды өңірлік әріптестікке тарту жайын талқыладық», - дейді депутат.
Халық қалаулысының мәліметінше, желтоқсан айында ауған делегаттары біздің елге келмек. Сапар барысында Ауған елін өңірлік әріптестікке енгізу шаралары қарау жөнінде екіжақты кездесулер өткізілмек.
Сонымен қатар, мәжілісмен ҚР Парламентіне деген ирандық бағытқа да тоқсала кетті.
«Иранның ішкі жағдайы мен ел төңірегінде түрлі процестер орын алуда. Өткен апта соңында Женевада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімдер дайындалды. Келіссөзге қатысқан алтылық елдері – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен Иран аталмыш бағдарлама бойынша өзара тиімді шешімге қол жеткізді», - дейді М.Әшімбаев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі