- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 180 күнге сұйытылған газ нарығына уақытша баға реттеу енгізіледі – ҰЭМ
Маңғыстау облысында 180 күнге сұйытылған газ нарығына уақытша баға реттеу енгізіледі – ҰЭМ
Ұлттық экономика министрлігінің осындай шешіміне газдың тапшылығынан болған және онымен байланысты өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ушығу тәуекелімен байланысты сұйытылған газға уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қажеттілігі туралы Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің өтініші негіз болды.
Әкімдіктің ақпараты бойынша облыс сұйытылған отын газын ірі тұтынушылардың бірі болып табылады. Бұл ретте үстіміздегі жылғы мамырда газға қажеттілік күрт – 2 есеге өсті. Бүгінгі күні облыста автокөліктің шамамен 179 мың бірлігі тіркелген, олардың негізгі үлесі - 64% немесе 115 мың бірлігі сұйытылған газды пайдаланады.
Автогаз құю станцияларының (АГҚС) саны 202, ал сұйытылған газды өткізетін дара кәсіпкерлер -170 құрайды.
«ҚазҚӨЗ» ЖШС облыстағы сұйытылған газды жалғыз өндіруші болып табылады. Газ тапшылығының туындауы алдымен отынға өскен қажеттілікпен байланысты. Сонымен, егер бұрын ішкі (жергілікті) нарық айына 6,5 мың тонна тұтынса, онда үстіміздегі жылғы мамырда газға қажеттілік 12 мың тоннаға дейін отынға өсті, бұл «ҚазҚӨЗ» ЖШС барлық өндіргенінен 90 %.
Бұдан басқа қазіргі кезде ішкі нарық үшін «ҚазҚӨЗ» ЖШС ҚР Энергетика министрлігі бекіткен бағамен газды 1 тоннасы 28 000 теңге өндірістік өзіндік құны кезінде (1 литрі 15 теңге) 1 тоннасы 11 033,91 теңге (1 литрі 6,1 теңге) (ҚҚС-сыз) мөлшерінде өткізеді, бұл кәсіпорын үшін залал болып табылады.
Осылайша жалғыз өндірушінің залалсыз қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімсіз делдалдарды және алып сатарлық «топтарды» жою арқылы сұйытылған газды көтрме және бөлшек саудада өткізу нарықтарындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 119-бабының және Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларының негізінде (ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.06.2016ж. № 262 бұйрығымен бекітілген) 180 күнге уақытша мемлекеттік баға реттеуді:
«ҚазҚӨЗ» ЖШС үшін – ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге (ТМРБҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті шекті бағаны белгілеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап);
Маңғыстау облысының АГҚС және (немесе) автокөлікке жанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге енгізеді («Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік екі күн өткен соң (20.06.2016 ж. № 272, «Әділет» базасында 22.06.2016 ж. жарияланған).
Автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға:
Бейнеу ауданында – 1 литрге 45 теңге (бұдан әрі – ҚҚС);
өзге аудандарда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында – 1 литрге 35 теңге (ҚҚС - мен) құрайтын болады.
«ҚазҚӨЗ» ЖШС ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге шекті баға тоннасына 28 000 теңге (ҚҚС-сыз) құрайтын болады.
Бұл ретте шекті баға – кәсіпкерлерге сұйытылған газды кез-келген, бірақ белгіленген шектерден жоғары емес бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысында сұйытылған газға уақытша мемлекеттік баға реттеу 2016 жылғы 24 маусымнан бастап енгізіледі.
Тұтастай алғанда ашық тариф белгілеуді пайдалануға шаралардың бағыттылығы газға объективті бағаны айқындауға мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі