• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТДҰА медицина өнеркәсібіндегі биотехнология мен гендік инженерия салаларына қатысты 5 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

ТДҰА медицина өнеркәсібіндегі биотехнология мен гендік инженерия салаларына қатысты 5 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

23 Маусым, 2016 10:04
«ТДҰА» (Технологиялық даму ұлттық агенттігі) АҚ гранттық қаржыландыру комиссиясы медицина өнеркәсібіндегі биотехнология мен гендік инженерия салаларының тапсырыстарын қарады, деп хабарлады агенттіктен.

Медицина саласының жетекші мамандарынан құралған комиссия өкілдері, ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, сонымен қатар, бизнес-саласының мамандары келесіде жүзеге асыратын үздік жобаларды таңдады. Барлығы 252 млн. теңгенің 7 жобасы таныстырылды. Оның ішіндегі 5 жоба мақұлданды.

 

Таныстырылған жобалардың ішіндегі ерекше атап өтетіндері, стоматологияға өсімдік экстрактілерінен дайындалған зат, жануарларға жасалатын ПЦР  тест-жүйелік диагностикасы және картоптың вируссыз тұқымын өндіру өндірісі.

Еске сала кетейік, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық даму үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік қолдау шараларына ұсыну бағытында құрылған.

Барлық жаңалықтар